Домой Жаңалықтар Қоғам Зағипа Балиева Алматы облысында жаңа мектеп ғимаратының құрылысымен танысты

Зағипа Балиева Алматы облысында жаңа мектеп ғимаратының құрылысымен танысты

Зағипа Балиева Алматы облысында жаңа мектеп ғимаратының құрылысымен танысты

Зағипа Балиева Алматы облысында жаңа мектеп ғимаратының құрылысымен таныстыБүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Зағипа Балиева Алматы облысының Талғар ауданындағы Белбұлақ ауылына келіп, жаңа №32-ші орта мектеп ғимаратының құрылысымен танысты.

«2017 жылы сіздерді жаңа мектептің ашылуымен құттықтайтын боламыз!», — деді З. Балиева мектеп басшылығына.

Қазір бұл нысанның құрылысы жұмыстарына 30-дан астам жұмысшы мен  7 техника жұмылдырылған. Жұмыстар уақыт кестесі бойынша жүргізіліп жатыр.

«Мектептің ескі ғимараты сонау 1947 жылы салынған болатын. Жапсарлас салынып жатқан жаңа ғимарат 600 орынға шақталған. Құрылыс жұмыстары биыл 16 мамырда басталды. Жоспар бойынша 2017 жылы 30 тамызда қолданысқа беріледі. Енді алдағы жылды асыға күтеміз. Ал қазір мына кішкентай ескі мектепте 630 оқушы оқып жатыр. Келесі жылы, құдай қаласа, барлығымыз жаңа ғимаратқа көшеміз», — деді №32-ші орта мектептің директоры Манура Жақсыбаева.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ескі ғимарат бар болғаны 250 оқушыға шақталған. Ал қазір мұнда 600-ден астам оқушы оқып жатыр. Жаңа ғимарат қолданысқа берілген соң, ескі ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіледі. Содан кейін онда мектеп жасына дейінгі балалар мектепке дайындалатын болады.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here