Домой Жаңалықтар Қоғам Зағипа Балиева Талғар қаласында пластикалық бұйымдар шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысты

Зағипа Балиева Талғар қаласында пластикалық бұйымдар шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысты

Зағипа Балиева Талғар қаласында пластикалық бұйымдар шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысты

Зағипа Балиева Талғар қаласында пластикалық бұйымдар шығаратын кәсіпорынның жұмысымен таныстыҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасындағы бала құқығы жөніндегі Уәкіл Зағипа Балиева бүгін Алматы облысына жасаған іссапары барысында Талғар қаласындағы пластикалық бұйымдар шығаратын «Керуен+» зауытының жұмысымен танысты.

«Бұл — жаңа, экологиялық жағынан таза өндіріс. Мұнда пластикалық пішіндер, терезенің табанша тақтайы, кәріз және су құбырлары шығарылады. Олар экологиялық жағынан таза өнімдер. Бала денсаулығына кері әсер етпейді. Өйткені олардың құрамында мырыш жоқ», — деді З. Балиева.

Ол сонымен қатар, бала құқығы жөніндегі Уәкіл ретінде өнімдердің сапасына жіті назар аударатындығын жеткізді.

Зауыт өкілінің айтуынша, зауытты жылына 2,5 мың тонна ПВХ-профиль, 100 тонна фитинг (құбырларды біріктіргіш бөлшек), 500 тонна кәріз және су құбырлары шығарылды.

Зауытта барлығы 65 адам жұмыс істейді. Қосымша келісімшарт бойынша 120 шақты адам жұмысқа қабылданады.

ҚазАқпарат 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here