Домой Жаңалықтар Қоғам З. Балиева Алматы облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады

З. Балиева Алматы облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады

З. Балиева Алматы облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады

З. Балиева Алматы облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан әлеуметтік нысандарды араладыҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасындағы бала құқығы жөніндегі Уәкіл Зағипа Балиева бүгін Алматы облысына жасаған іссапары барысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан әлеуметтік нысандардағы құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапасына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«Таңертең біз екі мектепте болдық. Олардың бірі — 600 орынға шақталған. Тағы бірі күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр.  Мектептер дер кезінде қолданысқа беріледі. Құрылыс жұмыстары сапалы деңгейде жүргізіліп жатыр», — деді З. Балиева.

Ол сонымен қатар екі жазғы балалар лагерінде болды.

«Балардың демалысы өте жақсы ұйымдастырылған. Бұл — «Ақ Бұлақ» және тағы бір  спорт лагері. Қазір бұл лагерьлерге еліміздің батыс өңірлерінен 1,5 мың бала келді. Олар суға шомылып, бокспен және басқа да спорт түрлерімен айналысып, белсенді түрде демалып жатыр», — деді депутат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Зағипа Балиева бүгін Талғар ауданындағы Белбұлақ ауылына келіп, жаңа №32-ші орта мектеп ғимаратының құрылысымен және Талғар қаласында №6 мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here