Домой Жаңалықтар Қоғам Елорда әкімдігінде Smart Astana жобасын іске асыру мәселелері талқыланды

Елорда әкімдігінде Smart Astana жобасын іске асыру мәселелері талқыланды

Елорда әкімдігінде Smart Astana жобасын іске асыру мәселелері талқыланды

Елорда әкімдігінде Smart Astana жобасын іске асыру мәселелері талқыландыАстана әкімі Әсет Исекешев пен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Smart Astana жобасын іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ақылды қала» арнайы бағдарламасы әзірленеді. Мақсаты – қалалық қызметтердің жұмысын белсендіру және қайта құру, яғни олардың қызметінің тиімділігін арттыру; халық пен бизнеске сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; инфрақұрлымның үйлесімді және нақты жұмысын ұйымдастыру. Тиісті жұмыстар ең алдымен халықты мазалайтын салаларда қолға алынбақ. Атап айтқанда, көлік, білім, медицина, ТКШ жүйесі және т.б.», – деді Әсет Исекешев.

Өз кезегінде, министр Дәурен Абаев халық өзгерістерді бірден сезінетіндей жобаларды бірінің соңынан бірін қолға алу керек екендігін атап өтті. Жұмыстар мектепке дейінгі мекемелерден, көлік коммуникациялар саласынан басталмақ.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар «Smart Astana» жобасын іске асыру бойынша жұмыс тобын құру туралы келісті. Арнайы әзірленген тұжырымдама бойынша сандық қоғамды құру бойынша жобалар кезең-кезеңмен енгізілетін болады. Алғашқы жобалар мектепке дейінгі білімді, денсаулық сақтау мен көлік салаларын қамтиды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here