Домой Жаңалықтар Қоғам Мал азығын түйіршіктеп шығаратын зауыт ашпақ

Мал азығын түйіршіктеп шығаратын зауыт ашпақ

Мал азығын түйіршіктеп шығаратын зауыт ашпақ

Мал азығын түйіршіктеп шығаратын зауыт ашпақАлматы облысының әкімі Амандық Баталов жұмыс сапарымен Кербұлақ ауданында болды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ол егіншілермен және малшылармен сөйлесу барысында облыс экономикасындағы ауыл шаруашылығының рөлі, сапалы әрі тиімді бағада ет пен сүт өндіру, егіс алқаптарынан мол өнім алу, тұтыну нарығының аясын таяу шет елдерге қарай кеңейтудің маңызы жайлы айтты.   

Облыс әкімі алғаш барған нысан – Жоламан ауылдық округіндегі «Шадиев» ЖШС-ның мал бордақылау алаңы. Жоба қазақ-өзбек бірлескен инвестициялық жобасының негізінде жүзеге асырылған. Жалпы құны бір миллиардқа жуық теңгені құрайды. Шаруашылық басшысы Фазыл Шадиевтің айтуынша, инвестиция қаржысы тиісті инфрақұрылымы бар алты ірі сиыр қора салуға және бір жарым мың бас аналық, бес Ангус етті тұқымды өндіргіш бұқалар мен қажетті техника сатып алуға жұмсалған. Етті Өзбекстанға экспорттау, танымал «Беккер» шұжық компаниясына өңдеуге өтікізіп, өз фирмалық дүкендері арқылы сату көзделіп отыр.

Сонымен қатар серіктестікке тиесілі төрт жүз мың гектарда жақын арада ірі қараны бос жіберетін орын, жем азығы түйірлерін шығаратын шағын зауыт салу да жоспарда бар.

Облыс басшысы мұндай жақсы бастамаларға қашанда қолдау көрсетілетінін жеткізді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here