Домой Жаңалықтар Қоғам Талдықорған жан сергітер жағалауымен мақтанады (фото)

Талдықорған жан сергітер жағалауымен мақтанады (фото)

Талдықорған жан сергітер жағалауымен мақтанады (фото)

Кеше Талдықорған қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қаратал өзенінің жағалауындағы демалыс аллеясы ашылды. Бұл замауни жаңа сәулеттік кешен бұдан былай Жетісудің көрнекті демалыс орындарының қатарына қосылады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Тұрғындарды қуанышымен құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов әлемде өзенді жағалай қонған қалалардың баршылық екенін, соның ішінде еліміздің бас қаласы Астана бұл тұрғыда Есілімен ажарлы екенін айтып өтті.

Ұзындығы 1414 метрге созылған жағалау құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталған болатын. Жобаның авторы Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының төрағасы Ақмырза Түстембеков. Жағалау алаңы 4 бөлікке бөлінген, яғни орындықтар, балалар ойын алаңы орнатылған демалыс аймағы, белсенді демалысты жақсы көретіндер үшін скейт пен роллдром және қалқандар, тенттер мен шатырлар орнатылған сахналық аймақ.

Көгалдандыру мен абаттандырудың әсемдігі өз алдына. Мұнда қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар, бұталар, бұталы қоршаулар, газондар мен гүлзарлар отырғызылған. Осы көк өскіннің барлығы да шағын сәулеттік мүсіндермен ерекше үйлесім тапқан.

Демалыс аллеясының ашылу салтанатында «Талдықорған: кеше, бүгін» атты фотокөрме, көркемсурет шеберлерінің туындыларынан көрме ұйымдастырылып, халық аспаптары оркестірінің концерті ұсынылды. Қалалықтар үшін бұл күні танымал әншілер Мәдина Садуақасова, «Ринго» тобы, сонымен қатар «Алатау әуендері», «Үшқоңыр» ансамблінің өнерпаздары өнер көрсетті.

Талдықорған жан сергітер жағалауымен мақтанады DSC_1955 DSC_1963 DSC_1992 DSC_2053 DSC_2115

DSC_2139 DSC_2183

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here