Домой Жаңалықтар Қоғам Отырарда индустрияландыру карта аясында 8 жоба іске аспақ

Отырарда индустрияландыру карта аясында 8 жоба іске аспақ

Отырарда индустрияландыру карта аясында 8 жоба іске аспақ

айтаханов2ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысын баяндаған аудан әкімі Ерлан Айтаханов Отырарда индустрияландыру карта аясында 8 жоба іске асатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған ауданда құрылған «Индустриалды аймақтың» жер көлемі 97 га құрайды. Бүгінде аймақтың жобалау сметалық құжаттамасы жасалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған.

Аудан әкімінің айтуынша, аталмыш индустриалды аймақта «Отырар Дән» ЖШС-нің жүгері сақтау және кептіру зауыты іске қосылып, жұмыс жасауда. Мұнда өндіріс орындарын ашу мақсатында инвестициялық жобаларды орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, «Тәжібай құрылыс» ЖШС-нің ағаш өңдеу жобасы аймақтағы 1,5 га жерге орналастыру үшін мемлекеттік актісі алынды. Ал екінші жоба «АзияАгро» ЖШС-нің жүгері дәнін кептіру, сақтау және құрама жем шығару жобасы. Құрылыс жұмыстары жүргізіліп отырған жобаның құны 619 млн. теңгені құрайды. Кәсіпорынның құрылысы қазан айында аяқталып, іске қосу жоспарлануда.

Одан бөлек, индустриалды аймақта өндіріс орнын ашуға 6 кәсіпкер ниет білдірген. 

Баспасөз мәслихатында спикер жыл басынан бері ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарында 5 млрд. 88 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 104,8 пайызды құрағанын айтты. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде 1 млрд. 350 миллион теңгеден астам өнім өңделген. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 3468,8 млн. теңгені құрады. 

Ауданда мемлекеттік бағдарламалар мен Бес реформа өз деңгейінде орындалып жатқанын айтқан Ерлан Айтаханов алдағы уақытта аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша тың жобалар мен жоспарлар іске асырлатынын жеткізді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here