Домой Жаңалықтар Пайдалы кеңестер Қыздарға кеңес. Жігітті қалай таңдау керек?

Қыздарға кеңес. Жігітті қалай таңдау керек?

Қыздарға кеңес. Жігітті қалай таңдау керек?
  • Қыздарға кеңес. Жігітті қалай таңдау керек?Ісіне қараңыз. Кейбір жігіттер аузымен орақ орады. Іске келгенде жалқау болып шығады. Ізденгіш, жұмыстан қашпайтын, сергектігін байқау керек.
  • Мырзалығына қараңыз. Мырзалық ақшасының көптігімен өлшенбейді. Ақшасы аз болса да қысылтаяң кезде сізді тығырықтан шығарып алатындай болуы керек. Ол үшін сынап көріңіз!
  • Сөзіне назар аударыңыз. Сөз ішкі жан дүниенің көрінісі. Одан мінезін де байқауға болады. Сөзі түзу жігіттің өзі де түзу. Аузынан боғауыз  сөз түспейтін, көргенсіз, қалай болса, солай сөйлейтін мәдениетсіздің сізге қаншалықты қажеті бар? Ондайлардан бойыңызды бірден аулақ салыңыз. Тәрбиесі қалыптасқан адамды түзеймін деп жүргенде, өзіңіздің де қандай күйге түсіп кетуіңізге кім кепілдік береді. Шектен тыс мылжыңнан да абай болыңыз. Нағыз жігіттің сұлтаны сөзуар болмайды.
  • Түр келбетін, бойын таңдау әрбір қыздың талғамына қарай болады. Біреулер қараторы жігітті, біреулер аққұба жігітті ұнатады. Енді бірі бойшаңын қаласа, біреулері орта бойлысын таңдайды.
  • Ешқашан жігіттің киіміне, ақшасына, үйі мен машинасына қарап таңдау жасамаңыз. Олар алдамшы болып келеді. Бүгін бар да, ертең жоқ болуы мүмкін. Бірақ жоғарыдағы ерекшеліктермен қоса бұлары да болып жатса, жолыңыздың болғаны.

shartarap.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here