Аяғыңыздың тобықтан төменгі бөлігіне сүйел шығып немесе күстенетін болса, онда бұл ағзадағы аурудың белгісі болуы мүмкін. Не болса да дәрігерге көрініп, маманның кеңесіне жүгінгеніңіз жөн.
Сондай-ақ, кейде аяқтың жөнсіз қажалып, оның орны жиі жараға айналып кететін жағдайлар да аз кездеспейді. Мұны кейде жаңа аяқ киім кигеннен деп мән бермеуіміз мүмкін. Бірақ, бұл да бір ауытқудың белгісі дейді дәрігер-мамандар.
1. Өкшенің жан-жағындағы сүйелдер буын аурулары барын сездіреді;
2. Табанның сыртына пайда болған күске қарап, омыртқаның қисайғанын аңдайсыз;
3. Табанның ішкі жағына күс пайда болған адамның ішектерін терең тексеруден өткізу керек;
4. Оң аяқтың ең кішкентай башпайы қажалса, бауыр қызметінің бұзылғандығын білдіреді;
5. Сол аяқтың ең кішкентай башпайы қажалса, жүрек қызметінің бұзылғандығын білдіреді;
6. Егер үлкен башпайдан басқа төртеуі бірдей қажалса, адамның жүйкесі тозғанын көрсетеді. Осы кезде жөтел пайда болса, дәрігерге барып, тыныс жолдарын тексерту қажет.
7. Үлкен башпайдың қажалғаны зат алмасудың баяулағанын, қалқанша без қызметінің бұзылғанын көрсетеді.
Қажалғанды қалай кетіруге болады?
Қазір дәріханаларда арнайы пластырьлар сатылады. Одан басқа амалдар да жеткілікті. Ұйықтар алдында қажалған жерді сұйық маймен сылап, бірнеше күн уқалап, массаж жасау қажет. Аяқты 10–15 минут жылы суға салып, жібітіп, сүйелді пемзамен үйкелейді. Ұйықтар алдында арнайы сүйелге арналған кремнің бірін жағып, шұлық киіп жату керек. Егер өзіңіз осы кеңестерді жасауға жүрексінсеңіз, дәрігерге барыңыз.