Домой Жаңалықтар Қоғам Жергілікті полиция жұмысы жетілдіріліп келеді

Жергілікті полиция жұмысы жетілдіріліп келеді

Жергілікті полиция жұмысы жетілдіріліп келеді

Жергілікті полиция жұмысы жетілдіріліп келедіАлматы облысында бүгінгі күні 5 учаскелік полиция пунктінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатқа 111,6 млн. теңге қарастырылған. Бұл туралы облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Марат Күштібаев облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында жасаған есебінде айтты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Құрамына учаскелік, ювеналдық, жол-патрульдік, табиғатты қорғау полициясы бөліністері мен қабылдау-тарату орындары кіретін жергілікті полиция қызметінің тиімділігін арттыруға әкімдік тарапынан барынша жағдай жасалуда.

М. Күштібаевтың айтуынша, өңірде жалпы саны 242 учаскелік полиция пункті болса, соның 8-і тұрғын үйімен бірге орналасқан. 181-і қалалық, ауылдық округтердің әкімдіктері ғимаратында.

Сондай-ақ материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 30 қадамын орындау мақсатында барлық қажетті техникалық құралдармен жабдықталған 60 қызметтік автокөлік сатып алуға 389 млн. теңге бөлінген.

Жергілікті полиция қызметі тарапынан ұйымдастырылған «Жаппай оқыту», «Мен және менің полициям», «Жасөспірім – Заң — Қауіпсіздік», «Жылдамдық», «Жаяу жүргінші» және басқа да акциялар мен рейдтік шаралар құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары ретінде өз тиімділігін байқатуда. Осындай шаралардың нәтижесінде биылғы жылдың алты айында экологиялық сипаттағы 967 заң бұзушылық анықталып, 327 қылмыстық іс қозғалған. Заңсыз ауланған 10 тонна балық, 286 аулау құралы, 63 атыс қаруы тәркіленген. Жол қозғалысының ережелерін бұзған 23 мыңға жуық дерек анықталып, шара қолданылған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here