Домой Жаңалықтар Пайдалы кеңестер Шет тілін үйренушілерге 10 кеңес

Шет тілін үйренушілерге 10 кеңес

Шет тілін үйренушілерге 10 кеңес

1414335931_lҚазіргі заманның талабына сәйкес көпшілік жастар шет тілін үйренуге құштар. Алайда олардың барлығы жоғары нәтижеге қол жеткізіп жатқаны шамалы. Тіл үйрену кезінде жіберілетін қателіктер адамның құлшынысын төмендетіп жіберетіні белгілі. Сондықтан 16 тілде еркін сөйлейтін Като Ломбтың қысқа әрі нұсқа кеңестерін ұсынуды жөн көрдік.

  1. Жаңа тіл үйрену үшін онымен күнде айналысу керек. Әсіресе таңертеңгі уақытта. Егер уақыт жетпей жатса, тіпті 10-15 минутыңызды бөліп, сол тілде бірнәрсе оқу керек немесе өткен сөздерді қайталаған дұрыс.
  2. Тіл үйренуге деген құлшыныс тез бәсеңсіп қала беретін болса, өз-өзіңізді жалықтырмайтын бір тәсіл ойлап табыңыз. Мысалы, үйреніп жатқан тіліңізде музыка тыңдаңыз, фильм қараңыз, кішкене демалып, серуендеп қайтыңыз, содан кейін әрі жалғастырыңыз. Бірақ, ешқашан тастап кетпеңіз.
  3. Сөздерді бір-бірлеп жаттамаңыз. Мәтіндеп, яғни сөйлемдеп жаттауға тырысыңыз. Мысалы «strong wind». Бұл кезде бір сөзді есіңізге түсіргенде екінші сөз автоматты түрде ойға келеді.
  4. Сөйлемдерді жазып жүрудің және оларды көп қолдануға тырысудың пайдасы зор.
  5. Күн сайын көрген нәрсеңіздің барлығын іштей аударып жүріңіз. Мысалы, көшедегі жарнамалардың мәтінін, музыканың сөзін, газет мақалаларының тақырыптарын және тағы басқа. Бұл тәсіл миды жаттықтырады және жатталған сөздер қолданыс таба бастайды.
  6. Шағын мәтіндер мен диалогтарды жаттап алу пайдалы. Бірақ жаттаған мәтіннің дұрыс, қатесіз жазылғанына көз жеткізу керек.
  7. Қолданыстағы фразеологиялар мен сөз тіркестерін де міндетті түрде жазып алып, жаттаңыз.
  8. Шет тілін оқшауланып үйрену өте қиын. Тіл үйрену үшін барлық тәсілдерді қолдану керек. Үйреніп жатқан тіліңізде фильм көріңіз, кітап оқыңыз, сол тілдегі басылымдарды, интернет ресурстарды оқып тұрыңыз немесе сол тілде сөйлейтін адамдармен тілдесіңіз.
  9. Қателіктен қорықпаңыз, түзетілмеген қателіктен қорқыңыз. Ешнәрсені тексерусіз қалдырмаңыз, үйренген нәрсеңіздің дұрыс екендігіне жақсылап көз жеткізіңіз.
  10. Сіз бұл тілді үйреніп алатыныңызға кәміл сеніңіз. Сонда сан сапаға ауысып, үйреніп жатқан тіліңізде белгілі бір дәрежеге жетесіз.

ozgepikir.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here