Домой Жаңалықтар Пайдалы кеңестер Бай болам десеңіз, санадағы дағдарыстан құтылыңыз!

Бай болам десеңіз, санадағы дағдарыстан құтылыңыз!

Бай болам десеңіз, санадағы дағдарыстан құтылыңыз!

Бай болам десеңіз, санадағы дағдарыстан құтылыңыз!Ауқатты өмірге жетудің алғашқы қадамы әрбір адамның барлық нәрсе үшін мемлекет немесе әріптесі, жиені, бөлесі,тіпті, бала күнінде алған тәрбиесі емес – тек өзі жауапты екенін сезінуінен басталады. Жауапкершілік –  қалыптасқан жағдайға сай ең дұрыс жауапты табу деген сөз. Көптеген адамдардың өз өмірі, отбасы, сондай-ақ, қаржылық жағдайына жауапты болуға пайым-парасаты мен ынта-жігері жетпейді. Олар әдетте үш нәрсені айыптайды — шыққан тегін, ата-анасын және өскен, тұрып жатқан ортасын. Алайда, бұл стереотипті жоққа шығаратын жайттар да жоқ емес. Айталық, бір отбасында тәрбиеленген егіз балалардың біреуі – қылмыскер, ал екіншісі – әділ судья болғаны жайлы классикалық мысалдың бары мұнымызға дәлел бола алады.

Бүгінде құлақсіңісті сөзге айналған дағдарыс тек экономикада болмайды. Ол бірінші кезекте санамызды билейді. Мол табысқа жетіп, бақуат өмір сүремін деген адам проблемадан қорықпауы керек. Ендеше, қаржылық жауапкершілік дегеніміз — Сіздің бүгінгі болмысыңыз бен тыныс-тіршілігіңіздің үстінен билік құра алуыңыз. Сіздің дұрыс реакцияңыз қалыптасқан жағдайды өзгертуге қауқарлы болмаса, онда сол реакцияңыз бен пікіріңізді өзгертіңіз. Ең бастысы – ешкім сіздің пікіріңізді, өмірлік ұстанымыңызды өзгерте алмайды. Оны тек сіз ғана өзгерте аласыз. Бұл өзгеріс Сізге өз өміріңізге құрметпен және ризашылықпен қарауға жол ашады. Осылай Сіз өз өміріңізге қанағаттанушылық танытып, мүмкіндігінше бұрынғыдан гөрі кемелдене түсесіз. Сіздің кешегі шешімдеріңіз бүгініңізді, ал бүгінгі шешімдеріңіз болашағыңызды анықтайтын болады.

Сонымен, Сіз өз өміріңіз бен қаржыңыз үшін жауапкершілікті  алғаннан бастап, егер бұл шешімге шынымен бар ынта-жігеріңізді жұмылдыра келген болсаңыз – сол күннен бастап барлық кертартпа ойлар мен жағдайлар өз күшін жоғалтады.

Американың атақты «Дженерал Электрик» корпорациясын 20 жыл бойы басқарып, сол компанияның нарықтағы  бағасын  400 миллиард долларға дейін жеткізген Джек Уэлч мырза: «Қажетті мүмкіндік сіз күтпеген жерден келеді, тек сіз іздеуден жалықпай, өзгерістерге дайын болуыңыз керек» дейді. Ал «Ойлан және байы» (Думай и богатей) деген кітаптың авторы Наполеон Хилл: «Егер адам бір нәрсеге дайын болса, сол нәрсе міндетті түрде жүзеге асады» деп түйіндейді. Егер біз жауапкершілікке дайын болсақ, аянбай әрекет ете бастасақ, бізді күтпеген мүмкіндіктер күтіп алуы әбден мүмкін.

Ал енді қаржылық тәуелсіздік дегеніміз не? Ол – алаңдамай өмір сүру, қолдағы капиталыңыздың, байлығыңыздың – малыңыз, жеріңіз, жылжымайтын мүлкіңіз, акцияларыңыз бен тағы басқа капиталыңыздан түсетін пайдаға қиындықсыз өмір сүру дегенді білдіреді. Қаржы саласының сарапшылары осындай капиталды құрау үшін аянбай, бар күшіңізді салып жұмыс істеу керектігін айтады. Әрине, бұл айтуға жеңіл болғанымен бар күшіңді сарқылта жұмсау оңай шаруа емес. Бірақ сіңірі шыққан кедейлікте өмір сүру бұдан да қиын екенін ұмытпауымыз керек.

ozgepikir.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here