Домой Жаңалықтар Қоғам Ұлы дала азаматтары Талдықорғанда

Ұлы дала азаматтары Талдықорғанда

Ұлы дала азаматтары Талдықорғанда

Ұлы дала азаматтары Талдықорғанда Ұлттық дүниетаным, рух, мәдениет пен әде­бие­ті­мізді ұрпаққа мұ­ра етіп қалдыру қай за­ман бол­масын аға буын өкілдеріне жүктелетін міндет. Жау­гершілік ке­зеңдер мен Ұлы Отан соғысында жа­саған ата-бабамыздың ерлік­тері ешқашан ел есі­нен кетпек емес.

Осындай мақсат, міндетті бас­шы­­лыққа алған «Генералдар кеңе­сі» республикалық қоғамдық бір­лестігі Қазақстан халқы Ассам­блея­сы және «Нұр Отан» партия­сы­мен бірлесе оты­рып автошеру ұйым­дастырды, деп хабарлайды Жетісу газеті.

Қазақ­станның бірнеше қаласын аралап 7 мыңнан астам шақырымды ба­ғынды­р­ған ардагерлер Алматы облы­сының орталығы – Талдықор­ған қа­ла­­сы­на да ат басын тіреп, ақ ба­та­ла­рын арнады. «Ұлы Дала аза­мат­тары» атты автошеру Тәуелсіз­дігіміздің 25 жыл­дығы мен Қазақ­стан­дағы әскери құрамалардың құ­рыл­ғанына 75 жыл толуына орай жас­тардың санасына патриот­тық сезім орнатып, ұлттық рухты асқақ­тату үшін арнайы ел аралап келеді. Мақсаты – берекесі мен бірлігі жа­расқан жұртты бір мүддеге сай «Мәң­гілік Ел» идеясы аясында аян­бай еңбек етуге, Ұлы Отан соғы­сына қаты­сып ерлікпен күрескен ата-бабамыздан үлгі алып, жастарға жол көр­сету және «Нұрлы Жол» бағ­­­дар­­ламасының өзектілігі мен маңыз­­­ды­лығын айшықтау. «Гене­ралдар кеңесі» РҚБ мүшесі, генерал-майор Марат Мәрденов, даңқты генерал-майор В. Панфи­лов­тың не­ме­ресі Алуа Байқа­дамова, Ұлы Отан соғысы­ның ар­да­герлері мен «Нұр Отан» пар­тия­сының белсенділері және Қырғызстан Рес­публика­сынан келген құрметті қонақ­тар бастаған автошерушілер ал­дымен Талдықор­ған қа­ласының ор­талық саяба­ғын­дағы мәңгілік алау­­ға гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғы­сын­­да қаза тап­қан жауынгерлерге тағзым етті. Бір минут үнсіздіктен соң шыр­қал­ған мем­лекеттік Гимн ұлтық рухы­мызды асқақ­татты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here