Домой Жаңалықтар Пайдалы кеңестер Баламен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керек?

Баламен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керек?

Баламен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керек?

Баламен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керек?Көбінесе ата-аналар осы сұраққа ойламай  жауап бере алмайды- қарым-қатынас өз бетімен жасалады, ата-аналар да балалар да құмар болады. Бірақ өз баланың тұлға ретінде дамуы үшін тигізетін үлкен маңызын түсінген ата-аналар да бар.

Сараптамен дәлелденген, нәресте  тамақтану мен медициналық күтімді алып, бірақ ересектермен үнемі араласпайтын болса, онда ол психикалық және  физикалық жағынан нашар дамып, сонымен бірге ақырын өсіп, тез арықтайды және өмірге деген қызығушылығын жоғалтады. Тағам қалай зиянды болса, соншалықты баламен дұрыс қарым-қатынас жасамау да баланың психикасына зиян келтіреді, келешекте оның өміріне әсер тигізеді.

Өз баламен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керек? Бұл сұраққа жауап беру   оңай да қиын да. Күрделі болғаны біздің қарым-қатынас жасау стилімізге көптеген факторлар әсер етеді,  олардың  көбінесін біз өзіміз түсінбейміз. Мамандар келесі қорытындыға келді, ата-аналардың қарым-қатынас жасау стилі мектепке дейінгі жасынан бастап баланың психикасында сақталады.    Осымен ұрпақтан ұрпаққа қарым-қатынас жасау стилі ауысып,  әлеуметтік мұраға жетеді: көбінесе ата-аналар өздерін бала кезінде қалй тәрбиелегендей, балаларына да сондай тәрбие береді. Сонымен бірге балаларымызбен қарым-қатынас жасау тәсілі қоғамдағы педагогикалық қозқарастарға бейімделген сәнге байланысты болып, бізді қоршаған  туыстарымыз бен достарымызбен, отбасы мүшелерімізбен  қарым-қатынас жасау стиліне, ата-аналардыың жасына, олардың тұрмыстық жағдайына және басқа себептерге байланысты болады.

Бірақ та баламен қарым-қатынас жасау оңай. Өйткені  баламен қарымқатынас жасау процесі көбінесе қуаныш әкеледі. Бала мен ересектердің қарым-қатынастары оңай және қызықты болу үшін бірнеше ережелерді қолдануға болады.

 1 Ереже

Баланы қабылдау- оның әдемілігі мен ақылдығы, дарындығы, үздік болғаны үшін жақсы көрмей, оның осы өмірде бар болғаны үшін жақсы көру керек.  Ата-аналардан қыздары мен ұлдарына   : «Егер сен жақсы бала болсан, мен сені жақсы көремін». Немесе: «Егер ( жалқаулықты тастап, төбелесуді қоймасан) менен жақсылық күтпе. Осы сөздер арқылы балаға шарт қояды. Адамға  бағалап қарау біздің мәдениетімізге белгілі және баланың санасына ерте жасынан бастап енеді. Баланы бағалап қарау себебі- мадақтау мен жазалау күшіне сенімділік.  Баланы мақтаған кезде- ол қайырымдылық жасауға дайын болады,  егер жазаласан- ол қоғамға да зиян келтіреді. Баланы ұрысқан сайын оның мінезі бұзылады. Өйткені баланы тәрбиелеу кезінде ата-аналар баланы үйретіп, жағдайды рефлекстерді тудыру үшін қажет емес.

«Сенің жақсы оқығанын қандай жақсы!», «Сен маған ұнайсын!», «Сенің үйде болғанын маған ұнайды!» деп хабарлау балаларға ұнайды. Сонымен бірге осы сөздерді айтқан кезде балаға жағымды қарап, оған   жақындап, сыпау керек.

Психологтардың айтуы бойынша баланың өмірге бейімделуі үшін күніне 4 рет құшақтау керек, өзін жақсы сезінуі үшін күніне 8 рет құшақтау керек. Бұл тек қана балалар үшін емес, ересек адамдарға да қажет.

Біз балаларымызбен қарым-қатынас жасаған кезде айтқан  сөздерімізді байқамаймыз. Ал, балалар болса, айтылған сөздерді нақты түсінеді: «Сен маған үнемі кедергі келтіресін!», «Мен сенен шаршадым!».

Ата-аналар балаларының жасаған әрекеттерін сынайтын болса, балалар «Мені ешкім сүймейді» деген ойға келеді. Ата-аналардың дауысы қатал болса, бала өзін бақытсыз болып сезеді.

 Ата-аналар балаларына ренжісін көрсетпеу керек пе? Жоқ. Негативтік сезімдерін жасыруға болмайды. Келесі ережеге назар аударайық.

  2 Ереже

  • Баланың жеке әрекеттеріне ескерту жасауға болады.
  • Баланың қате жасаған әрекеттерін бағалап, оның сезімдерін кінәлауға болмайды.
  • Баланың әрекеттерін бағалап,  жүйелі түрде ескертулер жасауға болмайды. Баламен мейірімді қарым-қатынас жасағаннан кейін ғана тәртіпті орнату керек.

Көбінесе ата-аналар өздерінің өмірлік сәтсіздіктерін өтеу үшін орындалмаған армандарын дәлелдеу үшін балаларын тәрбиелейді.

Келесі себептердің бірі санасыз эмоциялық басбұру. Мысалы, ата-аналардың  баланы күтпегені, босанудың ауыр өткен себебі.

Бір минутка көздеріңізді жұмып, ең жақсы досыңызды кездестіргенді елестетіңіз. Өз қуанышыңызды қалай білдіресіз? Сіздің балаңыздың дүниеге келуі де соншалықты сізді қуанту керек.

Келесі жағдайды елестетіп көрейік. Егер де сіздің балаңыз мозайка жинаған кезде, бөлшектері шашылып, дұрыс жинай алмайтын болса, сіз шыдамай «Олай емес, осылай жасау керек» деп оның әрекетіне араласатын болсаңыз, «Мен өзім білемін. Олай емес» деп балаңыз жауап қайтарады.

Әр бала ата-анасының «олай емес» дегеніне өзінше қабылдайды, біреулердің көңілдері бұзылып. басқалары ренжиді. Балаларға осындай қарым-қатынас ұнамайтыны, біз «қиын» жағдайды шешуде оған өз өмірлік тәжірибемізден «оңай» деген ұғымды ендіреміз. Мысал ретінде жаңа жаға қадамын басқан нәрестенің жүрісіне қарап, біз неге оған ескерту жасамаймыз «қара, қалай дұрыс жүру керек. Мен саған неше рет көрсеттім»» деп неге айтпаймыз. Өз ісін бастап, жаңа ғана үйреніп жатқан балаға да осындай есерту жасау мүмкін емес.  Өйткені балаға кедергі келтірмей, өз ісін аяғына дейін жеткізуге мүмкіндік беру керек.

  3 Ереже

«Баланың ісіне араласпаңыз, егер ол көмегіңізді сұрамаса. Баланың ісіне араласпаған кезде: «Бәрі жақсы, сен өзін істей аласын!» дегенді білдіресіз.

Егер  бала бірдемені үйренсе ол 4 нәтижеге жете алады:

  • білімі мен меңгерген дағдысы;
  • оқу тәсілін жаттықтыру;
  • өз күшін қанағаттандыру;
  • ата-аналармен қарым-қатынас жасауда жағымды іс қалдару.

Біз жиі 1-ші нәтижеге назар аударамыз, бірақ өмір үшін басқа үшеуі қажет. Осы жағдайда сұрақ туады: «Қателерді  түземеуй қалай үйретуге болады?» . Баланың қателігін дұрыс белгілеу керек:

  • әр қатені көріп, түземеу керек;
  • жасаған қатесін кейін  талқылауға болады;
  • көбінесе бала өз қателігін түсініп, ертең бұдан да жақсы болатынын түсінеді.

Ата-аналар үшін келесі алгоритм тиімді:

  • балаңыз өзі атқара алатын бірнеше істерді айқындап алыңыз.
  • баланың нәтижесіне қарамай, оны мақтауға тырысаңыз.
  • сізді  ренжіткен баланың 2-3 қателігін еске алып;
  • оларды талқылауға уақыт табыңыз.

  4 Ереже

Балаға қиын болып, ол сіздің көмегіңізді сұраса ғана  оған көмектесіңіз.

Балаңыз қиыншылыққа ұшырап, сіз оған уақытында көмектеспесеңіз, онда ол балаға зиян келтіреді. Кейбір ата-аналар, көбінесе әкелер балаларын қиындықтан қорықпауға үйретеді. Егер сіздің ұлыңыз бен қызыңыз көмек сұраса, немесе бастаған істерін аяғына дейін жеткізбей қалдырса- онда оларға көмек көрсету керек. Барлық ата-аналар үшін  мектепке дейінгі бала өзі түймесін тағып, қолын жуып, ойыншықтарын жинайтыны, бірақ өз істерін күн ішінде ұйымдастыра алмайтыны белгілі.  Сондықтан «алдымен барамыз, кейін…»,  «Енді біз… боламыз» деген сөздерді жиі естуге болады. Бірақ баланың өзі атқаратын істері ол бұрын ересектермен бірге атқарған істердің есебінен көбейіп тұрады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here