«Бәйтерек» холдингінің компаниялары тобы соңғы 12 жыл ішінде Қазақстан бойынша 72 мыңнан астам жұмыс орнының ашылуын қолдады. Бұл мәлімет холдинг Директорлар кеңесі мүшелерінің есеп беру отырысында мәлім болды.
Холдингтің баспасөз қызметі хабарлағандай, компаниялар тобы есептік кезең ішінде қарыздың жалпы сомасы 491,7 млрд. теңгеге өндірістік секторда жоғары деңгейде қайта құрастырылған 12 жоба бойынша қаржыландыру бастады және жалғастырды.
Бұдан басқа, шикізат емес секторға 466 млрд. теңге инвестицияланды. Есептік кезең ішінде шикізат емес секторды ұзақ мерзімді қаржыландыруда Холдингтің үлесі – 68%.
Шағын және орта бизнесті қолдауға Ұлттық қордан бөлінген 200 млрд. теңге ішінен 172,8 млрд. теңге сомасына (119,1 млрд. теңге – жаңа жобаларды қаржыландыруға, 32,5 млрд. теңге — қарыздарды қайта қаржыландыруға, 21,2 млрд. теңге – айналым қаражатын толықтыруға) 925 жоба қаржыландырылды.
Несиелердің 181,5 млрд. теңге сомасына 1 694 жоба субсидияланды, 14,4 млрд. теңге сомасына кредиттер бойынша 390 кепілдік беру шартына қол қойылды.
Холдингтің еншілес ұйымдары қаржыландырған кәсіпорындарда есептік кезең ішінде 45 437 тұрақты жұмыс орны сақталып қалды және 27 827 (барлығы 72 179) құрылды.
«Тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын шешуге жәрдемдесу шеңберінде тұрғын үй қолжетімділігін арттыру үшін есептік кезең ішінде Холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бағыты бойынша жалпы ауданы 449 мың шаршы метр, 7171 пәтерлік 81 тұрғын үйді салу мен өткізуге ынтымақтастық туралы 57 келісім жасалды. Сатып алынған 6191 пәтер үшін жергілікті атқарушы органдарға 43,7 млрд. теңге аударылды», — делінген хабарламада.
Қазақстандық ипотекалық компания бағыты бойынша 95,5 млрд. теңге сомасына ауданы 610,2 мың шаршы метрлік (10 684 пәтер) 58 нысан бойынша шарттарға қол қойылды. 2015 жылы Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Семей, Қызылорда, Талдықорган, Павлодар, Өскемен, Ақтау қалаларында 61,6 млрд. теңге сомасына 392,8 мың шаршы метрлік (6 686 пәтер) 46 нысан пайдалануға беріледі.