2005 жылдан 2015 жылдың бірінші тоқсаны аралығында Қазақстан экономикасына 212 млрд. долл. тікелей инвестиция тартылды. Оның 70% немесе 125,4 млрд. долл. Индустриаландыру бағдарламасы жүзеге асқан жылдары келді.
Осы уақыт аралығында тартылған тікелей инвестицияның 74% немесе 17,6 млрд. долл. өңдеу саласының еншісінде. БҰҰ сауда және дамыту Конференциясының (ЮНКТАД) мәліметтеріне жүгінсек, Қазақстан шетелден ең көп тікелей инвестиция тартқан 30 елдің қатарына кірді. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 9,6 млрд. долл. тартып 28-орынға тұрақтады.
Анықтама: Қазақстан 2014 жылы өңдеу өнеркәсібіне 3,7 млрд. долл.инвестиция тартты. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда (2,5 млрд. долл.) 48% көп.