Домой Жаңалықтар Астана мен Алматыда мобильдік ЭЦҚ сату басталды

Астана мен Алматыда мобильдік ЭЦҚ сату басталды

Астана мен Алматыда мобильдік ЭЦҚ сату басталды

mob_ecpБүгінгі күні электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) SIM-карталарға жазу мүмкіндігі бар, оларды Астана және Алматы қалаларында «Алтел» АҚ-ның сату бөлімдерінде сатып алуға болады. Жылдың соңына дейін осындай мобильдік ЭЦҚ-сы бар SIM-карталарға Қазақстанның кез келген өңірінде барлық ұялы байланыс операторларынан кезең-кезеңмен қол жеткізуге болады. Жуық арада мобильдік ЭЦҚ ХҚКО-лар арқылы да сатылатын болады.

«Мобильдік қолтаңбаның басымдығы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тіпті интернеті жоқ және қосымшалар орнатылмайтын қарапайым мобильдік телефоннан да алуға болатындығында»,- деп атап өтті ҚР ИДМ БААК Электрондық қызметтерді қадағалау басқармасының басшысы Дәулет Бекманов.

Мобильдік қолтаңбаны қазірдің өзінде еgov.kz мобильдік қосымшасында пайдалануға болады. Бұдан кейін мобильдік ЭЦҚ-ның көмегімен құжаттарға «Электрондық үкімет» порталында, сондай-ақ смс-хабарламалар жіберу арқылы да қол қоюға болады. Мысалы, қарапайым батырмалары бар телефондарда қызметтер алу үшін пайдаланушыға қызметтің қысқаша мәтінімен бірге SMS жіберу және SIM-картаға жазылған ЭЦҚ-мен қол қою жеткілікті. Жауап ретінде оған қызметтің нәтижесі және анықтаманың бірегей нөмірі бар хабарлама келеді. Анықтаманың өзі электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетке келіп түседі.

ЭЦҚ-сы бар SIM-картаның көмегімен мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүлікінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама, зейнетақы аударымдарының жай-күйі туралы анықтама, туу туралы, неке қию туралы анықтамалар және т.б. сияқты бірқатар қызметтерді алуға болады.

Криптоаплеті бар SIM-картаның құны 200 теңгені құрайды, бұл ретте аталған сома абоненттің балансына түсетін болады.

Телефонын немесе SIM-картасын жоғалтқан кезде абонент 888 телефоны бойынша ALTEL call-орталығына жүгіне алады, оператор SIM-картаны бұғаттайды, онымен бірге SIM-картадағы ЭЦҚ-ны пайдалану қолжетімсіз болады. SIM-карта әдеттегідей, яғни Сату орталығына жеке өзі келіп, ALTEL ұялы байланыс операторы қызмет көрсеткенде және кейін оған ЭЦҚ жазу үшін ХҚКО-ға жүгінген кезде оңай қайта қалпына келтіріледі.

Мобильдік қолтаңба мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мобильдік нысанда ұсынуды көздейтін «Мобильдік үкімет» жобасының аясында іске асырылғандығын еске сала кетейік. Бүгінгі күні ҚР азаматтарына мобилдік нысанда 50-ден астам қызмет пен сервис қолжетімді, жүйеге 1300 мыңдай адам қосылды.

mid.gov.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here