Алматы облысында шағын бизнес өкілдерінің 90 өтінімі бойынша сомасы 308,5 млн теңге жеңілдетілген несие беріледі. Бұл туралы несие комитетінің төрайымы Римма Салықова мәлім етті.
Еске сала кетсек, «Атамекен» ҰКП мен Алматы облысы әкімдігі шағын бизнес субъектілері үшін 600 млн теңге бөлді. Аталған қаржыны өңір бойынша несиелеуі операторы ретінде «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры (АШҚҚҚ)» АҚ белгіленді.
«Қазір қорға сомасы 533 200 мың теңге болатын 112 өтінім берілді. Өткен мәжілісте 57 жобаны қарадық, әріптестеріміз жаңа өтінімдер күтуде. Бағдарламаға қатысушылар арасында Ақсу, Ескелді, Кербұлақ аудандарының кәсіпкерлері алғашқы несиелерді алды. Жуықта басқа аудандардың бизнесмендерінің өтінімдері де мақұлданады», — деп түйіндеді Р.Салықова.
Комитеттің көңіл бөліп отырғаны — қызылша өсіру саласы. Осылайша шағын несие беру бағдарламасы қант зауыттарын шикізатпен қамтамасыз етіп, отандық өнім үлесін ұлғайтуды межелеуде.
Кәсіпкер Әбен Тайжановтың айтуынша, қаржының уақытылы берілгендігінің арқасында егіс жұмыстары сәтті жүргізілді.
«Шағын несие беру бағдарламасы биылғы жылы жақсы қолдау көрсетті, өйткені тұқым, тыңайтқыш, жұмысшыларға еңбекақы беру қажет болды. Қазірдің өзінде кәсіпкерлер бағдарламаны жалғастыру жайлы тілек білдірді. Шағын несие беруді жылдар бойы күттік, өйткені екінші деңгейдегі банк шарттары кәсіпкерлерге қол емес еді», — деп қосты «Тельман» шаруа қожалығының басшысы.
Шағын несие беру бағдарламасының ерекшелігі жер телімдерін, тұрғын үйлер мен құрылыстарды және басқа қозғалмайтын мүлікті кепіл ретінде қоюға болады. Сонымен қатар сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-дан, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6,7%-дан аспайды.