Талдықорғанда облыстық кәсіпкерлер палатасының жиыны өтті.
Жиынның басты тақырыбы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жарты жылдық жұмыстарының нәтижесі мен қорытындысын байыптау. Аудандық филиал директорлары әр айдың соңында палатада кездесіп, ұйымның қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін жиналады. Оның үстіне бөлімше бастықтарына біліктілігін көтеретін білім беретін семинарлар, мастер-кластар мен тренингтер жүргізіледі.
Палата директоры Ләззат Шыңғысбаева жергілікті палата құрамында аудандық кеңестің қызмет етуі маңызды деп атап өтті. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасымен аудандық кәсіпкерлер кеңесі құрылғанын айта кетелік.
«Қазіргі кезде «Аудандық кеңестер туралы» ресми құжат дайындалып жатыр. Бұл орган жаңа мәртебе мен өкілеттілікке ие болмақ. Кеңес мықты ұйымға айналау тиіс. Мәселен, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сынды. Ол филиалдардың жұмысына игі ықпалын тигізіп, кәсіпкерлер мен қоғамды өз ісіне тартып отыратын болады», — деп атап өтті ӨКП басшысы. Шілде айында аудандық кеңестер қызметінің жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдары, бизнес қауымдастық алдындағы тұсаукесері өтпек.
Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің төрайымы Римма Салықова қызметті тиімді ұйымдастырудың бірнеше кеңесімен бөлісті. Оның айтуынша, жұмыстың ауқымын дұрыс бөле білу мен қызмет пен тапсырмаларды лайықты бөлу жұмыстың нәтижесін анағұрлым арттырады.
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Баниямин Файзуллин кәсіпті қорғау бағыты бойынша жасалған жұмыстардың бүге-шігесін айтып берді.
Директордың құқықтық сауалдар бойынша орынбасары Қанат Қабдиев филиалдың ісін жүргізу мен ұйымдастыру бойынша мастер-класс өткізді.
Сонымен қатар жиналыста директорлардың үздіксіз біліктілігін көтеріп отыру бойынша мәселе көтерілді. Өйткені, олардың теориялық білімінің молдығынан, тәжірибеде ысылуынан филиалдың белсенділігі артып, бастамалары көбеймек.