Астана циркінің әртістері «Азия жаңғырығы» халықаралық фестивалінде бас жүлдені еншіледі, деп хабарлады 24.kz.
Назерке Мерекеқызы мен Ёка Қоңырбаева әлемде орындалу жағынан ең күрделі әрі қыздар орындай қоймайтын трюкті паш етті. Эквилибри жанрында өнер көрсеткен қыздардың бірі Назерке Мерекеқызының бұл үлкен цирк аренасындағы дебюті екен.
,«Біздің нөмірдің аты штейн-трапе. Эквилибрдің бір түрі. Бұл штейн-трапеде көбінесе баланспен жұмыс жасаймыз. Тепе-теңдікпен. Рекордты трюктер бар. 12 метр биіктікке жұмыс жасаймыз және бұл күнге дейін қыздар бұл нөмірді жасамаған», — дейді цирк әртісі Назерке Мерекеқызы.
Бұл фестиваль осымен тоғызыншы жыл қатарынан өткізіліп отыр. Өнер сайысына 8 елден цирк әртістері келген. Олардың арасында Моңғолия, Түрікменстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан мен Нидерланд акробаттары бар. Сиқыршылар мен клоундар және эквилибристер де осы ортадан табылды.