Домой Жаңалықтар Қоғам Жер пайдалану мәселесі талқыланды — Алматы облысы

Жер пайдалану мәселесі талқыланды — Алматы облысы

Жер пайдалану мәселесі талқыланды — Алматы облысы

Жер пайдалану мәселесі талқыланды - Алматы облысыБүгін Алматы облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтің төрағалығымен облыстық жерге орналастыру қызметінің жартыжылдық қорытынды жиналысы өтті.

Жиында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ж.Омаров жергілікті атқарушы органдардың жер ресурстарын тиімді пайдалануы туралы баяндама жасады.

Баяндамашының айтуынша, жер реформасы мәселелері бойынша «Call-орталығы» құрылып, кезекшілік кестесі бекітілген. Мұндай орталықтар аудан, қалаларда да жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік маңызы бар жобалар Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар аудандарының аумағынан өтетін «Казыбек-бек-Жетіген темір жолына», Алматы қаласынан шығып «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына» қосылатын Саин, Рысқұлов, Ақын Сара көшелеріне, Талғар ауданындағы «Ақбұлақ-Бірлік-Талғар» автомобиль жолдарына, жеті ауданның аумағында жүргізіліп жатқан «Алматы-Талдықорған», «Байсерке-Қапшағай» газ құбырына қажетті жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару жұмыстары жүргізілуде. Ж. Омаров сонымен қатар «Гейт Сити» серіктес қаласының жол-коммуникациялық дәлізіне, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысына және осы қалаға қажетті газ құбырына түсетін жер учаскелерінің құжаттарын дайындау мәселелеріндегі кемшіліктерге тоқталды.

Сондай-ақ облыста пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары әлі де ширатуды қажет ететінін тілге тиек етті. Пайдаланылмай жатқан жерлердің басым бөлігі Ақсу — 119,9 мың гектар, Алакөл — 29,1 мың га және Қаратал 32,7 мың га. аудандарында екені анықталған.

Жалпы заңсыздықтар иесіз мүлік ретінде есепке қойылған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару, жердің нысаналы мақсатын заңсыз өзгерту, мораторий талаптарын сақтамау, жер учаскелерін заңдастыруға берілген мерзімдердің сақталмауы сияқты мәселелерде орын алған.

Бұдан кейін облыстық жердің пайдаланылуы мен қадағалануын бақылау басқармасының басшысы А. Жолдоғұтов, жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы департаментінің Алматы облысы бойынша филиалының директоры Б. Жылқыбеков, бірқатар аудандардың жер қатынастары бөлімінің басшылары сөз алды.

Осы жиында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының кеңесшісі М. Қыдырқожаева, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрліктің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Д. Сабырбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес мәселелері туралы сөз қозғады.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіров жер қатынастары және жерді пайдалану ісіне қатысты заң бұзушылықтарды болдырмау, кемшіліктерді жою туралы нақты тапсырмалар берді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here