1. Ең алдымен өзіңде жоғары талғам болмаса, іштей қызыға қарайтын көрікті әйелдерге көңіл бөл, ұқсауға тырыс.
2. Келесі талап – қарапайымдылық. Әдемі киінген сымбатты әйелдер қай уақытта әртүрлі күрделі ойыншықтардан аулақ болады. Олар шамадан тыс белбеулер тағуға, желбіреуіктерге, жылтырауық әшекейлерге т.б. құмарланбайды. Өте қарапайым тігілген киім күтуге де ыңғайлы. Бірақ өте ұқыпты, өз тұлғасына сай лайықтап тіккен/сатып алған жөн. Олар жууға, үтіктеуге оңай.
3. Үшінші талап – өте маңызды талап. Ол тазалық және ұқыптылық. Егер ер адам жағасын таза ұстамаса, түймесі қадалмаса оған сын жоқ. Ал әйел көйлегі таза болмаса, ол – кешірілмейтін күнә. Көп ер-азаматтың әйелдердің үстіндегі көйлек үлгісін байқамауы мүмкін. Кейде басқа әйелдің не кигенін аңғармайды. Бірақ, есіңізде болсын, ер адамның көзі сіздің көйлегіңізге тамған майдың дағына, не түсіп қалған түймелердің орнына, шұлықтың ыдыраған жеріне бірден түседі. Егер сіз тап-таза, ықшамды, өзіңізге жарасатын, жақсылап үтіктелген көйлекпен жүрсеңіз, олар міндетті түрде байқап, өте сымбатты екен деген баға береді. Өзінің сыртқы бейнесіне көп көңіл бөлуге уақыты жоқ әйелдерге, тез кірлемейтін, мыжылмайтын матадан тігілген көйлек сатып алып, үйде ауыстырып отырғаны дұрыс. Үй шаруашылығымен, тағам әзірлеумен айналысқан кезде шыт немесе сатинен тігілген алжапқыш тағып алуы керек. Есте ұстайтын бірнарсе – қанша қымбат матадан, өте әдемі үлгімен тігілген көйлек дұрыстап үтіктелмесе, жақсылап тазаланбаса, оның құны бірден төмендейді.
4. Орынды киіне білу. Киіну жыл мерзіміне, уақытына, баратын жеріне тікелей байланысты (жұмысқа, театрға, қонаққа, спорттық жарысқа, серуенге, т.т.) … Әр әйелдің киім гардеробында түкті матадан тігілген қалың көйлек, жібектен, шыттан тігілген жеңіл көйлек, костюм, плащ, қыстық пальто, бірнеше кофта, өкшелері биік және аласа туфлилер болғаны дұрыс. Әрине, жарқыраған кешкі көйлекпен сиыр сауса, су жағасына шомылуға барса, шалбармен театрға, биік өкшелі туфлимен орманға серуенге шықса, шолақ шалбармен құлағына құнды сырға тағып демалатын алаңға барса өте келімсіз болар еді. Бұл да әр әйелдің жадында болатын жағдай. Сол сияқты әр әйел қасындағы ерінің (күйеуінің) де лайықты киінуін қадағалағаны жөн. Қандай галстук, қай костюмге, қай көйлекке сай келетінін міндетті түрде білуі керек. Театрға, қонаққа барғанда қалың свитер жараспайды. Сондықтан костюм дұрыс. Тек ескертуді еріңіздің, не достарыңыздың көңіл-күйін бұзып алмай, абайлап айтыңыз.
5. Сән. Ақылды әйелдер ешуақытта жыл сайын өзгеріп отыратын сәннің жетегінде кетпейді. Өкінішке орай, кейбір әйелдер жасын, тұлғасын ұмытып, жастар киетін киімді иығына іліп алғанына мәз болып, жұртқа күлкі болады. Әлбетте, әйелдердің жыл сайын өзгеріп отыруын сәнге баса назар адару керек. Тек әр әйелдің өзінің бойын, салмағын, жасын міндетті түрде ескерген жөн. Оған қоса қаржы туралы да ойланған дұрыс. Сондықтан әркімнің өзіне жарасатын, келбетіне келетін үлгі әдісін қалағаны жөн.
6. Киетін киімнің түсі де үлкен рөл атқарады. Негізінде бет-әлпетіне, тері түсіне сәйкес киген абзал. Мәселен, бет терісі аппақ болса, киген киімінің түсі қызыл, көгілдір, ақшыл қызғылт, ашық жасыл, ашық сары, ашық түстес болуы керек. Ал бет әлпеті ақшыл болса, онда темекті түстес, көк, сары, көгілдір түстер. Кәдімгі әдеттегі бетке – қызыл шарап сияқты түс, ал қызыл бетке – сұрғылт, қара көк, қара, жасыл, ал сарғыл тартқан бетке – қоңыр қалампыр түстес, қоңыр жасыл, көк, күрең, жирен, аздап күнге күйген бетке – сарғылт көгідір, қоңыр қызыл, күге әбден күйген бетке – сарғылт көгілдір, қоңыр қызыл, қыша түстес сары, сұрғылт жасыл, бозғылт түсті киімдер келіседі.
Ақпарат Интернеттің алынды