Домой Жаңалықтар Әлем Кейбір елдердің атаулары қайдан шыққан?

Кейбір елдердің атаулары қайдан шыққан?

Кейбір елдердің атаулары қайдан шыққан?

Кейбір елдердің атаулары қайдан шыққан?Біз күнделікті өмірімізде түрлі мемлекеттердің аттарын естіп жатамыз, алайда сол атаулардың қалай пайда болғандығын және не мағына беретіні жайында ойлап көрдік пе? Ендеше, бұл мақаламызда осы тақырып аясында біраз қызықты деректерді жинаған болатынбыз.

Аргентина
Ең алғаш рет испан конкистадорлары Рио-де-ла-Плата өзенін ашқан кезде, ол күміске толы өзен еді. «Аргентина» атауы да содан пайда болған: латын тілінде «argentum» – «күміс» дегенді білдіреді.

Голландия
Ел аумағының көп бөлігі теңіз деңгейінен төмен жатыр. «Голландия» сөзі «төмен жер» дегенді білдіреді. Елдің екінші атауы – «Нидерланд» та осындай мағынаны береді екен.

Бразилия
Бұл елдің атауы Бразилиядан Еуропаға көптеп тасы-малданған құнды қызыл ағашқа байланысты шыққан. Бұл ағаштың түсі шоқтанып қызып тұрған көмірге ұқсайды, ал «braza» сөзі португал тілінде «көмір» дегенді білдіреді.

Испания
«Испания» атауы қояндарға байланысты қойылған деседі: бұрынғы заманда теңіз жағалауында қояндар өте көп болыпты. Финикия тіліндегі «и-шпаним» сөзі «қояндар жағалауы» деп аударылады.

Коста-рика
Латын Америкасында орналасқан бұл кішігірім мемлекет атауының шығу төркіні Колумбпен және оның саяхатымен байланысты деген дерек бар. Бір сапарында Колумб сол жердегі үндістердің алтын әшекейлерді молынан тағынып жүргенін көреді. Сол себепті аталған аймаққа испан тілінде «бай жағалау» деген мағынаны білдіретін атау таңылған.

Люксембург
Мемлекет болып қалыптасқанға дейін Люксембург қарапайым бір қамал еді. Сондықтан, Люксембург – неміс тілінде «кішкене қамал» дегенді білдіреді. Айналасындағы аймақтарды өзіне қосып, мемлекетке айналғаннан кейін де осы атауы сақталып қалды.

Камерун
Орталық Африка жеріне келген португал теңіз саяхатшылары өзенде шаядардың өте көп екенін байқай-ды. Содан оған «Рио-дош-Камаройш», яғни «шаяндар өзені» деген атау береді. Кейін Камаройш «Камерун» болып өзгеріп, алдымен бұл атаумен сол аймақты атай бастаса, уақыт өте келе сол жерде құрылған мелекет те солай аталып кетті.

Лихтенштейн
Әрбір адам өзінің атымен ең құрығанда бір көшені немесе бір қаланы атаса ғой деп армандауы мүмкін. Ал бұл тұрғыда аустриялық князь Ганс-Адам Лихтенштейн-нің жолы болды: оның сатып алған жері кейін мемле-кетке айналып, оған өзінің фамилиясы берілді.

Ватикан
Римнің ортасында орналасқан ергежейлі мемлекеттің атауы өзі орын тепкен төбешік атауынан туындаған: vaticinatio – итальян тілінен аударғанда «көріпкелдік, сәуегейлік» дегенді білдіреді. Бұрынғы заманда аталған төбешік бақсы-балгерлерге беріліп, адамдар сол жерге барып, олардың «көмектеріне» жүгінетін болған.

Румыния
Румын жерлері ғасырлар бойына Рим империясының қоластына қарады. Сондықтан да, көрші мемлекеттер оны «Рим жерлері» (яғни, «Румыния») деп атайтын еді. Ал, қазіргі күні аталған империя жоқ болса да, «оның жерлері» әлі күнге бар.

Намибия
Елдің атауы «Намиб» шөлінің атымен байланысты. Ал «намиб» – нама тілінен аударғанда «ештеңе жоқ жер» дегенді білдіреді.

Исландия
Бұл елге «мұзды ел» дегенді білдіретін «Исландия» атауын оған ІХ ғасырда келген норманндар беріп кет-кен. Бірақ, елдегі мұздықтардың көптігіне қарамастан, Исландия «жасыл жер» деп аударылатын Гренландияға қарағанда әлдеқайда жылы ел болып табылады.

Венесуэла
«Венесуэла» атауын ойлап тапқан Америго Веспуччи болатын: ол мұнда келгенде венесуэлалықтардың үйлері су үстіне салынғанын көреді де, бұл елге «кіші Венеция» деген атауды лайықты көреді. Яғни, «Венесуэла» – итальян тілінен аударғанда «кіші Венеция» дегенді білдіреді.

Украина
Бұл сөз славян тілдеріндегі «окраина», яғни «шеткі аймақ» деген сөзден шыққан.

islam-orkeniet.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here