Сағыз не бары 10 минут ішінде ауыз қуысындағы 100 миллионға жуық бактерияларды жоюға ықпал етеді. Бұл шетелдік PLoS One баспасөз бетінде жарияланған зерттеу нәтижесі.
Сынақ ретінде бірнеше еріктінің аузына арнайы бактерияларды салып, 10 минут бойы сағыз шайнатқан. Нәтижесінде электронды микроскоп арқылы сағызда сол бактериялардың бар екені анықталған.
Алайда ғалымдар тек «қанты жоқ сағыздарда ғана пайда бар» дейді. Кhabar.kz хабарлағандай, қоспалар микробтарды одан сайын көбейтеді деген пікірде. Және оны тек 10-15 минуттан артық шайнамауға кеңес береді.