«Яркокросс» қайырымдылық марафоны елордада төртінші рет өткізіліп жатыр. Орталық паркте өткен шараға түрлі жастағы 1200 астам адам қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Марафон ұзындығы 5 шақырымды құрады. Шараға қатысушылар басты бес нүктені бағындырды, ал еріктілер болса, оларға бояу ұнтақтарын шашты. Мақсат — мәреге бірінші болып жету емес, шараға қатысу.
Марафон астаналықтарға керемет көңіл күй сыйлап қана қоймай, қаланың экологиясының дамуына да септігін тигізеді. Қайырымдылық шарадан жиналған қаржы Асананы көгалдандыруға жұмсалады.
— Биылғы жоба елімізде су үнемдеуге бағытталған. Болашақ ұрпаққа да суды қажет екендігін жеткізуге тырысамыз, — дейді Астана қаласындағы «Посади дерево» қоғамдық бірлестігі директорының орынбасары Земфира Низамутдинова.
Шара соңында флешмоб ұйымдастырылды. Астаналықтар бас сахнаның жанында ашық түсті бояуларды көкке шашып, түрлі түсті бұлт жасады.