Алматы облысында Алакөлге барып демалушылар қатары артқандықтан жергілікті бюджеттен «Жетіген-Достық-Жетіген» бағытында жолаушыларға арналған туристік пойыз жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жолаушылар пойызын Алматы облысының әкімдігі субсидиялап отыр. Жолаушылар пойызы 7 купе, 2 плацкарт вагонынан тұрады. Ол аптасына үш рет қатынайды.
Пойыз тоқтайтын бекеттер: Жетіген, Сарыөзек, Үштөбе, Матай, Лепсі, Бескөл, 13 разъезд (Ақши ауылы), Көктұма, Достық станциялары.