Домой Жаңалықтар Пайдалы кеңестер Түстен кейін ұйықтаудың пайдасы мол

Түстен кейін ұйықтаудың пайдасы мол

Түстен кейін ұйықтаудың пайдасы мол

Түстен кейін ұйықтаудың пайдасы молАдам күніне 7-8 сағат ұйықтауы тиіс. Осы қағиданы көпшілік бір ұйықтағанда 7-8 сағат ұйықтау керек екен деп түсінеді. Осы норманы күндіз және түнде деп бөлу керек, деп жазады «Массагет» порталында.

Мысалы, 5-6 сағат түнде ұйықтасаңыз, қалған уақытты күндізгі уақытқа қалдырыңыз. Себебі, түс мезгіліндегі ұйқы:

Зейінді ашады

Соңғы зерттеулер бойынша, таңда 20 минут ұйықтағанға қарағанда, түстен кейін 20 минут ұйықтаған пайдалырақ екені дәлелденген. Мысалы, NASA агенттігі ұшқыштар мен ғарышкерлердің түс мезгіліндегі 20 минуттық ұйқысы жұмысқа деген қабілетін 34%, ал зейінін 100% арттырғанын байқаған.

Күйзелісті жояды

Күндізгі ұйқы ағзадағы күйзелістен бөлінген гормондардың көлемін азайтады және эмоционалды күштен қорғайды. Егер тыныққыңыз келсе, тыныш әрі қолайлы жер таңдаңыз.

Жүрек ауруларын азайтып, қысымды бірқалыпта ұстайды

Ғалымдар еш жеріңіз сыр бермесе де, күндіз бір рет көз шырымын алу керек дейді. Себебі, бұл — болашақ сау өмір кепілі. Күндізгі уақытта 15-20 минут көз іліп алуды дағдыға айналдырсаңыз, қан қысымыңызды бір реттілікке келтіреді әрі жүрек ауруларын 37% азайтады. Сонымен қатар, ағза жасушаларының қалпына келуіне көмектеседі.

Есте сақтау қабілет артады

Ғалымдар ұйқыдан оянған адамның миын құрғақ ыдыс жуғышқа (губка) теңейді. Яғни, құрғақ ыдыс жуғыш суды тез сіңірсе, тыныққан ми да ақпараттарды тез қорыта алады. Сондықтан, оқушылар мен студенттердің күндіз бір рет тынығып алғандары дұрыс. Әрине, дәріс үстінде емес. Бастысы — өз-өзін тежеу. Күндіз ұйқы қанғанша 2-3 сағат ұйықтау кері әсер етеді.

Физикалық белсенділікті арттырады

Түстен кейін 20 минут ұйықтап алу спортпен және фитнеспен белсенді түрде айналысатын адамдарға міндетті түрде қажет. Тіпті, түнде 8 сағат ұйықтап жүр деген күннің өзінде, түскі уақытта көз ілу шаршауды басады, күннің екінші бөлігіне белсенділік сыйлайды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here