Кеше Жұмыспен қамту орталығы елорда тұрғындарына мекеменің базасындағы бос орындар туралы білуге мүмкіндік беретін «CZАстана» мобильді қосымшасын іске қосты. Мобильді қосымша тегін және оны Google Play мен App Store дүкендерінен сатып алуға болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, қосымшаны жүктегеннен кейін адамдар кәсіби бағдар бойынша тест тапсыра алады. Астана қаласының әкімдігі Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омардың айтуынша, жұмыс іздеушілер әңгімелесуден өткен кезде өзін-өзі ұстану, сұрақтарға жауап беру, түйіндеме жазу бойынша ақпаратты таба алады. Ал жұмыс берушілер үшін жұмыспен қамту туралы заңнаманың нормаларына қатысты пайдалы ақпарат ұсынылады. Әрине, мұндай ақпаратты өз бетінше табуға да болады, бұл жерде біз қолайлы жағдай жасап отырмыз, себебі барлық ақпарат бір дереккөзге жиналған, тек CZAstana қосымшасын ғана жүктеп алу қажет»,- дейді ол.
Айта кетейік, елордалық Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілердің үлкен базасына ие жалғыз мемлекеттік орган болып табылады. Ол жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуға, ал жұмыс берушілерге – білікті мамандарды табуға септігін тигізеді. Жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналасу, жастар практикасынан өту, әлеуметтік және қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз ету, мамандарды даярлау және қайта даярлау бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынатын бірегей алаң ретінде дамып келеді.
Кез келген материалды Астана қаласының http://astana.gov.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.