Домой Жаңалықтар Қоғам Қызылордалық күріш елордаға жеткізіледі

Қызылордалық күріш елордаға жеткізіледі

Қызылордалық күріш елордаға жеткізіледі

Қызылордалық күріш елордаға жеткізіледіДемалыс күндері Қызылорда облысынан Астанаға күріш жеткізіле бастайды. «Думан» ОО, Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион (Кенесары көшесі, 14) және Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының жанындағы тұрақтарда өтетін ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінде 1 кг үшін 175 теңгеден 20 тонна күріш сатылатын болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Елордада әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын ұстап қалу бойынша жүргізілетін шаралар аясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин және Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Еске салайық, ауыл шаруашылық жәрмеңкелері «Думан» ОО, Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион (Кенесары көшесі, 14) және Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының жанындағы тұрақтарда, Ш. Құдайбердіұлы көшесі, 38 «Дастан» СҮ, №188 көше 14 үй және Пригородный тұрғын алабында күн сайын өткізілетін болады. Сонымен қатар, тұрғын үйлердің аулаларында әлеуметтік маңызды тауарлар сатуға арналған 50 орын жасалады.

Мұнымен қоса, 30-31 шілдеде Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының тұрағында Алматы облысы тауарөндірушілерінің қатысуымен аймақтық жәрмеңке өтеді. Жәрмеңке барысында 324 тонна өнім: тауық еті, балық, сүт пен көкөніс, бал және т.б. өнімдер төмен бағамен сатылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here