Елордада «Еңбек жолы» конкурсына қатысуға өтінімдер қабылданады. Конкурс қалалық және республикалық деңгейде өткізіледі. Оған кез келген саладағы кәсіпорын қызметкері қатыса алады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Конкурс 3 номинацияда өтеді. Еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп әулет; Жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері; Жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.
«Еңбек жолы» конкурсының мақсаты ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау, қазақстандықтарда отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу болып табылады.
Құжаттарды қабылдау 15 тамызға дейін жалғасады. Толық ақпаратты 57-89-09, 57-89-08, 57-89-12 (Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы), 21-61-92, 21-68-26 (Астана қаласының Кәсіподақ орталығы), 91-90-86 (Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы) телефондары арқылы алуға болады.