Астана қаласындағы Оқушылар сарайының жанында Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтуде. Жәрмеңкеге облыстың 15 ауданы мен 3 қаласы қатысып, астаналық тұтынушыларға азық-түліктің 40-қа жуық түрін ұсынуда.
Жәрмеңкеге құны 160 млн. теңге болатын 323 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілді. Атап айтқанда, 7,0 тонна құс еті, 11,8 тоннаға жуық балық өнімдері, 92,4 тонна көкөніс, 33,0 тонна алма, жеміс-жидектер, 49,6 тонна картоп, 3,6 тонна сүт өнімдері, 7,0 тонна шұбат пен қымыз, 6,5 тонна күріш, 5,8 тонна ұн, 1,3 тонна бал, 16 мың данадан астам жұмыртқа, 2,4 тонна бакалея өнімдері және 92,6 тонна басқа да өнім түрлері саудаға шығарылды.