28 шілдеде Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Астана қаласы мәслихатінің депутаты Батпенов Саят Нұрланұлы мен Қазақстан халықтар ассамблеясының «Жарасым» РЖҰ Төрағасы Сүндетов Азамат жастармен кездесуінде Тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктерді талқылады.
Шара аясында қонақтар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру процессіндегі реформаларына тоқталды. Әсіресе
халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамытуға бағытталған Қазақстан халықтар ассамблеясының құрылу тарихы жайлы баяндалды. Студенттер сұрақтар жаудырып, пайдалы ақпарат алумен қатар болашақтағы игі істері үшін жақсы уәждеме алып ынталанды.
Шараның мақсаты – жастарда патриотизм сезімдері мен жауапты азаматтық ұстанымдарын қалыптастырып, оларға рухани-адамгершілік тәрбие беру.
Кездесу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тірегім» жобасы аясында өткізілді.