Домой Жаңалықтар Пайдалы кеңестер Сүлік – сиқырлы емші

Сүлік – сиқырлы емші

Сүлік – сиқырлы емші

 Сүлік – сиқырлы емші гирудотерапияХалқымыздың бағзыдан келе жатқан сөз саптауларында «сүліктей сұлу», «сүліктей жұтынған», «сүліктей қаракөк немесе сүлікқара», «сүліктей сорды», «сүліктей жылтыр» дейтін ауыспалы мағынадағы тіркестер кездеседі. Сүліктің жып-жылтыр, мөлдіреген, қара түсті көркем бейнелері көз алдымызға келе қалады және оның өте жабысқақ екенін, қадалған жерінен қан алмай қоймайтынын да нақты көрсетеді емес пе?! Олай болса ерте заманда-ақ көпшілік қауым сүліктің сыр-сипатын, ерекшеліктерін жақсы тани білгендігіне күмәніміз жоқ.  Ал бүгінде біз сүлік жайлы не білеміз?

Сүлікпен емдеу ежелден бар әдіс. Египет фараондарының қа­бірі қабырғаларынан осындай ем­дердің болғанын растайтын жазулар табылғаны ақиқат. Тағы бір тарихи деректі алға тартып көрелік. Үндістанның көп қолды Дханвантари емші Құдайының бір қолында сүліктің суреті болса, бір қолында шөптің суреті бейнеленген екен. Демек, сүліктің көне заманнан бастап емдік қасиеті болғанына бұлар бірден-бір дәлел емес пе?! Сүлікпен емдеу тарихында өрлеулер де, құлдыраулар да болды. Емдеудің бұл тәсілінің өркендеген кезеңі деп ХVІІІ–ХІХ ғасырларды айтуға болады. Сол кезеңде оларды көптеген ауруларды емдеу және аурудың алдын алу үшін, организмді тазалау мен жасарту үшін қолданғаны белгілі. Би кешіне әзірленген сәнқойлар беттерінің ұшында қызғылт рең пайда болып, жанарлары жарқылдап тұруы үшін құлақтарының сыртына сүлік салдырғаны белгілі, оның үстіне таңға созылған би кешінде олар шаршамайтын болған.

…Ертеде Сүлеймен пайғамбар алыс жолдан шаршап-шалдығып, аяғы ісіп келе жатқан соң, жолда кездескен көлшікке аяғын салып демалады. Сол арада мызғып кеткен пайғамбар ояна келе аяғының ісігінің кетіп, бойындағы ауырлықтың жоғалғанын және денесі жеңілдеп қалғанын байқайды. Тек аяғының астында майда құрттар мен кішкене ғана қан ағып жатқанын көреді. Риза болған Сүлеймен пайғамбар құрт­тардың арқа тұсынан сипап, ри­зашылығын білдіреді. Бүгінде меди­циналық сүліктердің арқа тұсындағы өрнектер пайғамбардың төрт сау­сағының іздерінен қалған екен деген аңыз бүгінгі күнге осылайша жеткен екен.

Тері бетіне жабысып алып, қан соратын сүлікті көргенде денеміздің түршігетіні рас. Алайда медицина саласында осы бір жәндіктің пайдасы зор екенінен хабарымыз бар. Сүлікпен емдеу, яғни гирудотерапия қазіргі таңда кардиологияда, офтальмологияда, дерматологияда, хирургияда, гинекологияда, урологияда, неврологияда, герентологияда кеңінен қолданылады.

Адамның артық арам қанын сорып алатындықтан, сүлікті қажет деген жерге арнайы маман ғана салады. Түрлі ферменттерден тұратын сүлік сілекейінде жүзге жуық биоло­гиялық пайдалы заттар бар көрінеді. Медициналық сүлік тұщы суда тіршілік етеді. Ұзындығы 8-12 сантиметр болады. Оның сілекейінде гирудин және гиалуронидаза деген заттар бар. Гирудин қанның ұюына кедергі келтіреді, гиалуронидаза дене талшықтарында зат алмасу үдерісіне әсер етеді. Гирудиннен дәрі-дәрмектер жасалады.

Сүлік салу емінен кейін адамның дене қызуы қалпына келіп, қандағы қант мөлшері төмендеп, ұсақ қан қатпалары жойылады. Емге негізінде аш сүлікті пайдаланады. Сондай-ақ сүлік отадан кейін тез жазылуға мүмкіндік береді. Әрине, сүлікті қолданғанда науқастың жасына, қосалқы ауруына, денесінің салмағына, қан қысымының көрсеткіштеріне және сүліктің жағдайына да көңіл бөлінеді. Сүлік салумен шұғылданатын ем­шілер қай кезде де болғаны шындық.

Сүліктің 600 түрі белгілі, ал соның ішінде шығыстық, медицина­лық және дәріханалық түрлері ғана науқастарға қолданылады.

Дені сау адамның өзі ­жылына бір рет сүлік салдырып тұрғаны дұрыс көрінеді. Себебі сүлік ағзаны жақсартады, ағзадағы шлакты шы­ғарады. Сондай-ақ сүлікпен емдеуде кейбір шектеулер де бар. Сүлікті өте арық, қаны аз, қан қысымы төмен адамдарға және соңғы сатыдағы обыр ауруларынан зардап шегушілерге салуға болмайды екен. Обыр енді ғана басталып келе жатқан болса, онда науқастың емделіп кетуіне мүмкіндік бар. Сүлік бүйректегі тасты да түсіреді. Бауыр циррозына, қуықасты ауруларына да пайдасы көп.

Көп адамдар сүлік салғанда ауыр­та ма деп сұрап жатады. Әр адамға әр­­түрлі әсер ететіні анық. Мәселен, қа­ра жұмыс істейтін адамдар сүлік салғанда ауырсынуды сезінбейді. Ал сүлік сорған белсенді нүктелерден қан ағатын жайлар да кездеседі. Кейін орны қышитын болады. Сонысына шыдамай көп адамдар бесінші күннен кейін сүлік салдырмай қоятын көрінеді. Негізінде сүлікті көбірек салдырса денсаулыққа соншалықты пайдалы.

Сүлік салдырған адам үш күн дие­та ұстағаны дұрыс. Қызылша, сәбіз, құлпынай сияқты қызыл түсті көкөніс, жеміс-жидектер жеуі, анардың шырынын ішуі, қайнатылған ет жеуі керек. Бір сөзбен айтқанда, дәрумені көп тағамдар қабылдағаны дұрыс. Бірақ сүт өнімдерін пайдалануға болмайды. Өйткені оның құрамында сүт қышқылы бар. Ол ағзаға кері әсерін тигізуі мүмкін.

Сүліктің сілекейі қабынуға қарсы күресу, иммундық жүйені қоздыру, қан тамырларының скле­роздық үдерісін азайту, қан ұю үрдісін болдырмау және ұйыған қанның түйіршіктерін езу қасиет­теріне ие. Ға­лымдар сүліктің сілекейінен дестабилаза деген фермент жасалып шығатынын анықтап отыр. Бұл фермент фибриндік қоюланған заттарды жою дәрежесіне жеткізе алады. Сүліктің сілекейіндегі осындай қасиеттерді анықтаған дәрігерлер оны адам қанын азайтуға және қанды ұйымайтын жағдайға жеткізу үшін пайдаланып келеді.

anatili.kazgazeta.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here