Домой Жаңалықтар Спорт Елордада алғаш рет үшсайыстан жарыс өтті

Елордада алғаш рет үшсайыстан жарыс өтті

Елордада алғаш рет үшсайыстан жарыс өтті

008b72d123fb9330782b1e631d3Жексенбі күні Астаналық саябақта 200 астам адам Super sprint triathlon Astana – 2016 жарысында шеберлік байқасты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Жарыс үш кезеңмен өткізілді: 350 метрге жүзу, велосипедпен 20 шақырымды бағындыру және 2,5 км жүгіру.

Паркке жарысқа қатысушыларды қолдау үшін жанкүйерлер де жиналды. Спортшылар Есіл өзенінде жүзген соң велосипедке отырды. Белгіленген қашықтықты бағындырғаннан кейін жүгіруге қатысты.

Астана қаласының спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Берік Маржықпаев елорда тұрғындары мен қонақтарына алғыс айтып қана қоймай, өзі де жарысқа қатысты.

— Жарысқа қатысқандықтан оның не екенін білемін, бұл спортта денеге ерекше талаптар қойылады. 350 метрге жүзу оңай емес екен. Бүгінгі спорт мерекесі жақсы өтті. Көңіл күй керемет. Қатысушылардың 147-сі әуесқой, 27-сі кәсіпқой спортшы, меніңше, бұл үлкен жетістік, баршаға қатысқандары үшін алғыс айтамын, — деді Берік Маржықпаев.

Үшсайысқа 18 жастағы және одан асқандар қатысты. Мәреге жеткенде жеңімпаздар бірнеше санат бойынша анықталды. Әрбір қатысушының уақыты тіркеу кезінде берілген жеке чиптің көмегімен белгіленді.

Ерлер арасында үш қашықтықты 54 минут 48 секундта бағындырған Александр Автушко абсолютті жеңімпаз атанды. Әйелдер арасында 1 сағат 9 минут уақыт көрсеткішімен оның жұбайы Анастасия Автушко үздік атанды. Кәсіпқойлардың спорттық әулеті триатлонннан жарысқа Шымкенттен келді.

Айта кетейік, ұйымдастырушылар үшсайыстан жарысты дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here