Музыка – өмір. Ол — қозғалыс. Оған тең келетін жұбатушы, тең келетін жігерлендіругі жоқ. Бұрын касета, диск, магнитафондар арқылы әуен тыңдап жүрсек, бәрінің орнын бір смартфон басып отыр. Сізді әуенді тез әрі тиімді жолмен тыңдай алу мүмкіндігімен таныстырайық.
1 Beat
Қолайлы әрі қарапайым бағдарламалар легін «Beat» бастайды. Қазір бәрі алтындай гигабайттарын үнемдеп сақтайды. Бұл бағдарламаның ең басты ерекшелігі — dropbox немесе google drive сынды бұлтты сақтау орындарында тыңдай аласыз. Сіздің сүйікті әндеріңіз қайда барсаңыз да сізбен болады. Бағдарлама Андроид қолданушыларына арналған
2 Shazam
Сіз дәмханада отырсыз, кенет, құлақтан кіріп, бойды алған керемет ән ойналды. Әннің жанашыры ретінде, әрине, сізге бұл әнді жинағыңызға қосып алуыңыз керек. сізде екі жол бар: сол жердегі адамдардан сұрай бастайсыз; мына бағдарламаны ашасыз,тетікті басасыз. Бағдарлама сізге демде сол әнді тауып бере қояды. Онымен қоса, ән туралы ақпарат, клипіне сілтеме береді.
3.SoundHound SoundHound –Shazam-ның аналогі, бір ерекшелігі бар. Егер, Shazam тек жазылған әндерді іздейтін болса, мына жерде сіз өзіңіз айтып та әнді тауып ала аласыз.
4.Caustic Сaustic – тура смартфонды ұстап отырып, ән жасай аласыз, өзгерте аласыз. Ол үшін мына бағдарламада көп жағдайлар жасалған.
Бұлардан бөлек ең танымал Вконтаке әлеуметтік желісінің плеері. Қазіргі таңда ән қоры өте ауқымды болғандықтан, қолданушылары да көп. ол жерде әуенді онлайн не оффлайн тыңдай аласыз.
Ән — көңілдің ажары. Көңіліңізді гүлдендіретін әуендер көп болсын!
Автор:Бағила Ағайдар