Домой Жаңалықтар Пайдалы кеңестер Сәтті әңгімеге 10 қадам

Сәтті әңгімеге 10 қадам

0
Сәтті әңгімеге 10 қадам

Келіссөз жүргізе алу – кез-келген ортаға қажет. Әңгімелесушіні өзіңізге қызықтыру үшін әдемі сөйлеу жеткіліксіз. Өзіңізді ұстауыңыз да жаныңыздағы жолдасыңызға әсер етеді.

1-қадам. Өзіңізді жеңіл ұстаңыз

Қобалжу – ашулануға, ашулану – мәнсіз әңгімеге алып келеді. Зерттеушілердің айтуынша, 1 минуттық жеңілдіктің өзі мидың белсенділігін күшейтеді. Ол шешім қабылдау мен келіссөз жасауда маңызды рөл атқарады.

Әңгімені бастамас бұрын мыналарды жасаңыз:

  1. Өзіңіздің қобалжулы күйіңізге 1-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша баға беріңіз. Сол цифрды жазыңыз.
  2. 1,5 минуттың ішінде ақырын дем алыңыз: дем шығару 5 рет, ауа жұту 5 рет.
  3. Қобалжығаныңыз басылды ма? Оны да 10 балдық шкаламен бағалаңыз.
  4. . Енді бұлшық етіңізді жаттықтырыңыз. Алдымен бетіңізден бастаңыз, тыжырайтып, қайта жазыңыз. Сосын мойыныңызды, иықты, алға-артқа қозғалтыңыз. Осылай денеңізге көңіл бөліңіз.
  5. Бірнеше рет терең тыныс алыңыз. Жағдайыңыз жақсарды ма?

2-қадам. Нақ осы шаққа көңіл бөліңіз

Әңгіме барысында дәл қазіргі уақытпен болуды ұмытып кетпеңіз. Бар назарыңыз алдыңыздағы әңгімелесушіде болсын. Оның әр сөзіне, іс-қимылына аса назар аударсаңыз, көп сұраққа жауап табасыз. Тіпті, сәлден соң не боларын да болжай алу қабілетіңіз ашылады.

3-қадам. Жиі үнсіздік сақтаңыз

Үнсіз күйде отыра алу қабілеті сізде бар ма? Сіз кереметсіз! Үнсздік сақтау арқылы айналадағы адамдардың сөзін жетік түсіне аласыз. Бұл қабілетіңізді күшейту үшін, «Қоңырау» ойынын ойнап көріңіз. Сайтқа кіріңіз де, «Ударить в колокол»  батырмасын басыңыз. Дыбысты аяқталғанша анықтап тыңдаңыз. Келесіде, біреуді тыңдау кезінде шыдамдылық пен тәжірибе сізге көмек береді.

4-қадам. Позитив керек

Көңіл-күйіңізді анықтап алыңыз. Егер, бұл әңгіменің болғанын қаламасаңыз, кейінге қалдырыңыз. Кейінге қалдыру мүмкін болмаса, айтылатын дүниелерді алдын ала дайындап барыңыз. Жағымды көңіл-күйде жүруге тырысыңыз.

5-қадам. Әңгімелесушінің ойын бақылаңыз

Әңгіме өтірік қоспасыз, қалыпты деңгецде өтуі үшін әр адам өзінің мақсатын ортаға тастағаны жақсы. Өзінің ойын, шынайылығын көрсету әңгімені өрбіте түседі.

6-қадам. Әңгіме басталмайынша жақсы ойлармен қуаттаныңыз

Үнемі көңілді, мейірімді кейіппен жүру мүмкін емес. Әңгімелесушіні шошытып алуыңыз мүмкін. Сондықтан, әңгіме бастамас бұрын өзіңіздің көңіліңізді көтеріп алыңыз. Ол үшін жақсы естеліктер мен жақсы адамдарды есіңізге түсіріңіз. Сіздің жақсы көңіл-күйіңіз әңгімелесушінің сенімін тудырады.

7-қадам. Қызығушылығыңызды білдіріңіз

Әңгімені жолдасыңызға ұнайтындай қошеметтен бастаңыз. Әрине, өтірік мақтаулардан аулақ болыңыз. Жағымпаздықтың алдын ал үшін өзіңізден «Бұл адамда мен бағалайтын не бар?» деп сұраңыз.

8-қадам. Дауысыңызға жылылық беріңіз

Төмен тонмен сөйлеңіз. Жайбарақат, асығыссыз, ашусыз сөйлеу дана кісіге тән қасиет. Сіздің жылылық толы дауысыңыз әңгімелесушіні тартады. Асықпай, ақырын сөйлеңіз.

9-қадам.Тоқсан ауызсөздің тобықтай түйінін айта біліңіз

Әңгімеңізді арасы 30 секунды болатын бөлшектерге бөліңіз. 1-2 сөйлем айтыңыз да, үзіліс жасаңыз. Осы шақта әңгімелесушіге назар аударыңыз, егер сізді түсінбей жатса, 2-3 сөйлем қосуыңызға болады.

10-қадам. Тыңдай біліңіз

Әңгіме барысында жолдасыңыздың әрбір әрекетіне мәнн беріңіз. Сіздің шешім шығаруыңызға олар көмекші. Әңгімелсеуші әр ойын тәмамдағанда, ым-ишарамен қолдап отыруды ұмытпаңыз.

Сәтті әңгіме сізге көп нәрсе бере алады. Жұмыс бабымен болсын, жеке өмірдің қажеттілігі болсын, әңгімелесушіні өзіңізге қарата біліңіз.

Автор:Бағила Ағайдар

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here