Домой Жаңалықтар Спорт «Астана марафоны» кәсіпқойлар мен әуесқойлардың басын біріктіреді

«Астана марафоны» кәсіпқойлар мен әуесқойлардың басын біріктіреді

«Астана марафоны» кәсіпқойлар мен әуесқойлардың басын біріктіреді

e9b8b82464dd4a87537bc59e97aАстанада екінші рет өткізілетін ауқымды шараға дейін бір айдан артық уақыт қалды. «Астана марафоны» бұқаралық жүгіру шарасының басты ұйымдастырушысы Гауһар Брамлей-Фентонның айтуынша, Қазақстанның елордасында осындай шара өткізу идеясы Лондонда The Royal Parks Half-Marathon жартылай марафоны барысында туған. Өткен жылы елордада 42 км 195 м қашықтыққа жүгіруден марафон өткізілген болатын.

Биылғы марафонға қатысушылар 42,2 км, 21,1 км және 10 км қашықтықтарды бағындырады.

– Жаңалықтардың бірі – эстафета, төрт атлет марафондық қашықтықты (42,2 км) жүгіріп өтеді. Астаналықтар бір күнге көліктерін қойып, ауаның тазаруына мүмкіндік беретініне үміттенеміз. Өздері жүгірмесе де, көшеге шығып, қатысушыларға қолдау көрсетер. Оның үстіне, биылдан бастап белгілі бір жүгірушіге қолдау көрсеткісі келетіндер «Жүгірушіні бақыла» бетінде тіркеліп, әлеуметтік желілерден немесе СМС арқылы жарыс нәтижелерін біле алады, – дейді ұйымдастырушы.

Гауһар Брамлей-Фентон биылғы марафонның кәсіпқойлар мен әуесқойлардың басын біріктіретінін атап өтті.

– Біз жүгіруді кеңінен насихаттаймыз. Адамдар үнемі жаттығу жасап, салауатты өмір салтын ұстануы керек. Сондықтан төртінші қйркүйекте жарысқа қатысатын клубтардың мүшелеріне 20% жеңілдік (кем дегенде 5 адам) жасалады.

Айта кетейік, марафон әдейі салқын кезде өткізіледі. Шараға 18 жастан асқандар қатысады.

– Меніңше, қашықтықты бір апта дайындалып, жүгіріп өтуге болады, бірақ оның денсаулық үшін салдары бар. Өз күшіңді дұрыс жұмсай білу керек. Жаяу жүруге де болады, бірақ қашықтықты алты сағатта бағындыра алмағандар жарыстан шеттетіледі, – деді ол.

Биыл маршрут Есіл, Алматы және Сарыарқа аудандарын қамтиды. Осылайша, марафонға қатысушылар қашықтықты бағындыру кезінде Астананың барлық көрікті жерлерін көре алады.

Еске салайық, марафонға қатысу үшін astana42k.com ресми сайтында онлайн режимде немесе Кроссфит Астана клубтарында тіркелу керек. Жиналған қаржы қайырымдылық қорларға аударылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

– Марафон – бұл әрқашан да өз-өзіңді жеңу және көкжиегіңді кеңейту мүмкіндігі. Ол ұмытылмас әсер қалдырады, жаңа достар табасың. Марафонда жасына, ұлтына және әлеуметтік статусына қарамастан бәрі тең болады. Қала үшін бұл мереке, туристер тартудың тиімді платформасы. 4 қыркүйек денсаулыққа, спортқа және қайырымдылыққа арналады, — дейді Гауһар Брамлей-Фентон.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here