Домой Жаңалықтар Спорт Футбол ауладан басталады

Футбол ауладан басталады

Футбол ауладан басталады

Бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев Қазақстан футбол федерациясының «Футбол жолы — 2026» бұқаралық спортты дамыту жөніндегі бағдарламасымен танысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астанада 300-ге жуық бала аулада аптасына бірнеше рет кәсіпқой бапкерлермен тегін жаттығады. Тұрғын үйлердің аулаларындағы 13 футбол алаңында (соның ішінде «Лесозавод», «Көктал» және Герцен к-сі сияқты шалғай жатқан шағын аудандарда) футболдан балаларға арналған тегін жаттығулар тұрақты түрде өткізіледі.

— Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасымен 2026 жылға дейінгі футболды дамыту стратегиясы қабылданды. Бұл стратегияның бағыттарының бірі балалар мен жасөспірімдер және бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Аулада футбол ойнағандар спорт мектептеріне барады. Спорт мектептен, ауладан бастап бәріне де қолжетімді болуы керек. Астана қаласының әкімдігі бізге қолдау көрсетуде, біз бағдарламаны жүзеге асыруды елордадан бастағалы отырмыз, алдағы уақытта Қазақстанның барлық қалалары қамтылады, — деді ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов.

04fcccc6ffd7c19a1cf3987db4b.jpeg

ҚФФ бапкерлерді іріктеп, еңбекақы төлеу бойынша барлық шығындарды көтереді, қажетті мүлікпен қамтамасыз етеді. Жақында ғана Премьер-Лига мен Бірінші Лигада кәсіпқой клубтардың сапында өнер көрсетіп жүрген, Қазақстанның жасөспірімдер құрамаларына тартылған жас бапкерлер ұл-қыздарға футболдың қыр-сырын үйретеді. Балаларға сыйлық ретінде футболкалар, доптар табысталады.

Жақын арада Қосшы, Жібек жолы және қаланың басқа да бөлігінде орналасқан үш футбол алаңында да футболдан тегін жаттығулар өткізілетін болады. Қазіргі кезде үш ауданда 287 спорт алаңы бар, соның ішінде 212-сі футбол алаңы.

6dcd89ec9507b6dc6edd333fd26.jpeg

Астана қаласының әкімі балалар мен жасөспірімдер және бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Болашақта аталған бағдарламамен аулаларды барынша қамту қажет. Қазіргі кезде аула аумақтарын абаттандырудың жаңа бағдарламасы әзірленіп жатыр, онда балалар және спорт алаңдары, тренажерлар және т.б. қарастырылған, — дейді қала басшысы Әсет Исекешев. Оның айтуынша, аулалық, отбасылық спортты дамыту  елорда әкімдігінің қызметінің басым бағыттарының бірі болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here