Оңтүстіктің ескекшілері тағы да ерледі. Бұл жолы ағайынды Сергей мен Тимофей Емельяновтар екілік каноэда 1000 метрге жарысып, алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Белоруссияның астанасы Минск қаласында 23 жасқа дейінгілер арасында өткен Әлем чемпионатында осылайша, Оңтүстіктің қоржынына екі бірдей медаль салынды. Оның бірі осы алтын болса, екіншісі – қола медальді жеке каноэда 200 метрге ескек есуде Сергей Емельянов алды.
Әлем чеспионатындағы екінші орынды румындықтар еншілесе, украиналық спортшылар алғашқы үштікті қорытындылады.