Домой Жаңалықтар Спорт Олимпиада-2016 ашылу рәсімі қымбат және ауқымды болмайды

Олимпиада-2016 ашылу рәсімі қымбат және ауқымды болмайды

Олимпиада-2016 ашылу рәсімі қымбат және ауқымды болмайды

Олимпиада-2016 ашылу рәсімі қымбат және ауқымды болмайдыРио-де-Жанейрода өтетін 2016 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу рәсімі Бейжің-2008 және Лондон-2012 секілді қымбат әрі ауқымды болмайды.

Ашылу рәсімі 5 тамыз күні «Маракана» стадионында өтеді. Балич ашылу рәсімінің Бразилиядағы қазіргі қаржылық қиындықтар ескеріле отырып ұйымдастырылғанын айтуда. Шоудың жалпы сметасы Лондондағы ойындардың ашылуына кеткен 42 миллион доллардың шамамен жартысын ғана құрайды.

«Бразилияның қазіргі жағдайына байланысты айтарлықтай шоу болмайды, — деді Балич. — Мұнда Бейжіңдегі асқақтық, Афиныдағы арнайы алып эффектілер және Лондондағы таңғажайып технологиялар болмайды. Қарапайым бірақ заманауи рәсім болғалы тұр. Арнайы эффектілер болмаса да, адамдармен болашақ туралы тілдесетін боламыз, бұл заманауи Бразилияда өмір сүрудің қандай жақсы екенін көрсететін көрініс емес».

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here