Талдықорғанда №14 мектеп базасында «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Салтанатты жиынға қала меценаттары, ұстаздар мен еріктілер жиналды.
Өз сөзінде Білім бөлімінің басшысы Болат Тұрысбеков атап өткендей, акция екі ай ішінде өтеді.
«Биыл 3 200 астам оқушыларды қамту жоспарлануда. Бұл үшін қалада жалпықалалық штабқа біріктірілген 5 жиын пункті құрылды. Өткен жылы барлық қалалықтар күшімен біз 2900 оқушыны мектепке қажетті заттармен қамтамасыз еттік. Көптеген демеушілер балаларды өз патронатына алып, жыл бойы балаға ғана емес, барша отбасына қажетті керек-жарақпен қамтамасыз етіп тұрды», — деп атап өтті Болат Тұрысбеков.
Салтанатты жиын аяқталған сәтте бес балаға оқу керек-жарақтары берілді.