Талдықорған қалалық «Мүшелтой» балалар мен жасөспірімдер клубында қуыршақ театры жұмыс істейді, деп хабарлайды Алматы обылысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Енді 3-6 шағын ауданның балалары жазғы демалысты қуыршақтар ойынымен бірге көңілді өткізбек.
Клуб директоры Дания Қыдырбаеваның айтуынша, клуб қызметкерлері – тәрбиешілер мен оқытушылар балғындармен бірге түрлі балалар қойылымдарын дайындаған. Бүгінде олардың репертуарларында қазақ және орыс тілдерінде он екі қойылым бар. Олардың барлығы да аула балаларының қызығып көретін спектакльдеріне айналып отыр.