Домой Жаңалықтар Білім Астанада антитеррористік оқулар өтеді

Астанада антитеррористік оқулар өтеді

Астанада антитеррористік оқулар өтеді

20160805094829Бүгін Астанада антитеррористік оқулар өтеді, деп хабарлады астаналық ІІД баспасөз қызметі.

«Бүгін, 5 тамыз күні Астана қ. бұрынғы жұқпалы аурухана аумағында, Күмісбеков көшесі, 5А мекенжайында терроризм актісінің алдын алу және оның салдарын жою бойынша антитеррористік оқулар өтеді», — делінген хабарламада.

Шараның негізгі мақсаты терроризммен күрес бойынша астаналық жедел штабтың дайындығы мен берілген тапсырманы орындаудағы күш-қауқарын тексеру.

Оқулар түрлі күрделі элементтері бар шайқас жағдайына барынша жақындатылады.

Терроризммен күрес бойынша астаналық жедел штаб елорда тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға және дүрбелеңге салынбауға шақырады.

Терроризммен күрес бойынша астаналық жедел штаб — антитеррористік операцияларды жүргізуге тартылған мемлекеттік орган күштері мен құралдарын жедел басқарудың тұрақты жұмыс істейтін органы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here