Домой Жаңалықтар Қоғам Жағалау тазалығына жасылелдіктер де үлес қосуда

Жағалау тазалығына жасылелдіктер де үлес қосуда

Жағалау тазалығына жасылелдіктер де үлес қосуда

Жағалау тазалығына жасылелдіктер де үлес қосудаАлматы облыстық туризм басқармасының мәліметі бойынша облыстың аудан, қалаларында көрсетілген ақылы туристік-сауықтыру қызметі алғашқы жарты жылдықта 1919,1 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 115,9 %.

Алакөл көлі облыстағы ең танымал тынығу орындарының бірі болғандықтан онда демалушыларға қажетті жағдайлар мен инфрақұрылым жүргізу басым бағыт болып отыр.

Мәселен, биылғы жылы жергілікті бюджет қаржысы есебінен 21 млн. теңгеге Ақши ауылынан демалыс аймағына дейінгі автокөлік жолы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі кезде Алакөл көлінің жағалауындағы Ақши ауылы мен демалыс орнының аралығындағы жолды реконструкциялаудың құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Автожолдың жалпы ұзындығы 23,78 шақырымды құрайды. Жобаның құны 3,036 млрд. теңге, жұмыстар 2017 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар жыл сайын Алакөл көлінде тынығушылардың саны артуына байланысты биылғы жылы да «Жетіген-Достық-Жетіген» бағытындағы маусымдық темір жол қатынасына жергілікті бюджеттен 65,6 млн. теңге субсидия бөлінді.

Алакөл ауданының басшылығы көл жағалауының санитарлық тазалығын сақтау бағытында тұрақты жұмыстар жүргізіп келеді. Осы мақсатта Ырғайты ауылдық округінде «Үшарал-Көркейту» ЖШС-ның 10 адам, 6 арнайы техникасы бар филиалы құрылды. Алакөл жағалауында, Ақши және Көктұма ауылдарының аралығында арнайы контейнерлер орнатылған, демалыс аймағына автокөліктің кіруіне жол бермейтін қазба жолдар жасалған. Сондай-ақ жыл сайын Алакөл жағалауының санитарлық жағдайын жақсарту және сауықтыру мақсатында жергілікті тұрғындар арасында түрлі акциялар өткізіліп, бұл іске «Жасыл ел» жасақтарынан еріктілер тартылады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімідігінің баспасөз қызметі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here