Талдықорған қаласы «Көктал» шағын ауданындағы № 11 орта мектеп жаңа оқу жылын жаңа кейіпте бастауы үшін реконструкциялаудан өтуде. Мекеменің күрделі жөндеуіне жергілікті бюджеттен 272 млн. теңге бөлінген. Сондай-ақ қажетті оргтехника мен арнайы құралдар сатып алынатын болады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде шатыры, инженерлік жүйелері жөнделіп бітіп, терезе жақтаулары шу өткізбейтін стеклопакеттермен ауыстырылды, қасбеті жаңартылуда.
Оқу кабинеттерінің, асхана мен спорт залының ішкі әрлеу жұмыстары да аяқталуға жақын. Ендігі жерде атқарылатын сейсмикалық күшейту мен тиесілі аймақты қоршау жұмыстары ғана қалды.
Құрылыс жұмыстарын «BMNK-Сервис» ЖШС мердігер ұйымы жүргізіп жатыр, құрылысқа 140 адам тартылған. Барлық жұмыстар 25 тамызға дейін аяқталады.