Домой Жаңалықтар Қоғам ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтар 100 пайыз қол арбамен қамтылды

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтар 100 пайыз қол арбамен қамтылды

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтар 100 пайыз қол арбамен қамтылды

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтар 100 пайыз қол арбамен қамтылдыОңтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Мәселен, биыл Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс өткізу шарасы аясында «Әлеуметтік қолдау» айлығы шеңберінде өңіріміздегі мүгедектер 100 пайыз қол арбамен қамтылды.

Тарқатып айтсақ, жыл басынан бері 1422 мүмкіндігі шектеулі азаматқа 1465 қол арба сатып алынып, оның 1107-і таратылды. Сөйтіп, облыс бойынша 1064 мүмкіндігі шектеулі азамат қол арбамен қамтылып, оның 43-не жеке оңалту жоспарына сәйкес бөлме ішілік және серуендік екі қол арбадан берілді. 

Айта кетейік, өңірімізде 112 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұрады. Оның 53 мыңнан астамы І және ІІ топтағы мүгедектер болса, 42 мыңға жуық азамат III топтағы мүгедектер болып табылады. Ал аймағымызда бала кезден мүгедектер саны 17286 адамды құрайды. Оның ішінде, 7744 мұқтаж мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілуде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here