Домой Жаңалықтар Қоғам Алматы облысындағы көпірлерге күрделі жөндеу керек

Алматы облысындағы көпірлерге күрделі жөндеу керек

Алматы облысындағы көпірлерге күрделі жөндеу керек

Алматы облысындағы көпірлерге күрделі жөндеу керекӨткен демалыс күндері Алматы облысы орталығын Кербұлақ ауданы мен Сарыөзек және Жаркент қалаларын байланыстыратын тасжолдың 84-ші шақырымында орналасқан көпірдің айналасындағы топырақты су шайып кеткен болатын. Қазіргі күні көліктер айналма жол арқылы өтіп жатыр. Жауын суы шайып кеткен сол республикалық маңызы бар жол алдағы қараша айында қалпына келтіріледі. Бұл туралы Алматы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жасыбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

— Жасыратыны жоқ, аталмыш өткел төтенше оқиғаға дейін апатты жағдайда тұрған, сондықтан жауыннан кейінгі лықсыған суға төтеп бере алмаған. Біз көпірлер мен құбырларды толықтай тексеріп шығып, олардың қазіргі ахуалы жөнінде арнайы сараптама жасадық. Қазір барлық апатты өткелдер мен жерасты құбырларын қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасап жатырмыз, — деді Е. Жасыбаев.

Жалпы, Алматы облысындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 244 көпір, 630-дан астам су өткізу құбырлары орналасқан. Сол 244 көпірдің 42%-і апатты жағдайда көрінеді.

Ағымдағы жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу үшін 13 880,3 млн. теңге қаражат бөлінсе, соның ішінде жергілікті бюджеттен қарастырылған қаржы көлемі – 13 014,0 млн. теңге. Ал, көпірлерді күрделі жөндеуге және жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге бөлінгені — 242,207 млн. теңге.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here