Домой Жаңалықтар Қоғам «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан құрылыс нысандары келесі жылы қолданысқа беріледі

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан құрылыс нысандары келесі жылы қолданысқа беріледі

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан құрылыс нысандары келесі жылы қолданысқа беріледі

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан құрылыс нысандары келесі жылы қолданысқа беріледіАлматы облысы партия филиалының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаевтың бастамасымен комиссия мүшелері Талдықорған қаласындағы №6,7 шағын аудандарда орналасқан тұрғын үйлерінің құрылысын тексерді.

 «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуын әрқашан бақылауында ұстайды.

Құрылыс 2015 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс болатын. Бірақ қазіргі күні тек іргетасы ғана қаланған нысанның ары қарай жалғасатын түрі байқалмайды. Тексеріс барысында  «Ишедо энерджи» серіктестігінің келісімшарттағы уағдасын орындамағаны белгілі болды.

Бұл туралы «Бәйтерек Девелопмент» АҚ дирекциясының директоры Бауыржан Айтымбетов: «Қазіргі таңда «Ишедо энерджи» серіктестігіне кепіл болған  Астаны банкі қаржыны толықтай қайтарды. Шамамен қыркүйек айында қайта жарияланған тендер бойынша ұтқан серіктестік анықталса, келесі жылдың тамыз айында үйді қолдануға береміз деген сенімдемін», — деді.

Мұның алдында облыс орталығындағы аталған нысандарды Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғанов тексеріп кеткен болатын. Тексеріс барысында депутат Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаржысының игерілуімен танысқан. Салынып жатқан нысанда 5 үйде 290 пәтер салынуда.

«Елбасының берген тапсырмасына сәйкес, құрылыстың уақытылы бітуін қадағалау – біздің тікелей міндетіміз. «Нұрлы Жол» бағдарламасымен салынып жатқан бұл нысан әрқашан біздің назарымызда болады», — деді комиссия жетекшісі Ғ.Сарыбаев.

 Комиссия мүшелерінің қатарында партиялық бақылау комиссияларының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің мүшелері, тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері құрылыстың тексерісі барысында жас отбасылары, дәрігерлер мен ұстаздар өмір сүретін үйді партия бақылауы әлі де назарында ұстап, стандарттарға сай жүргізілуін қадағалайтындықтарын жеткізді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here