Домой Блог Страница 108

Сарыағаштық айтыскер Қырғызстанда өткен ақындар айтысында 1-орынға ие болды

Сарыағаштық айтыскер Қырғызстанда өткен ақындар айтысында 1-орынға ие болдыКөршілес Қырғызстан Республикасында көшпенділер ойындары өтіп жатқаны белгілі. Қыркүйек айының 3-нен бастап ұйымдастырылып жатқан шара аясында ел аралық ақындар айтысы өтіп, онда еліміздің атынан қатысқан сарыағаштық айтыскер Жарқынбек Наушабеков 1-орынды иеленді, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ойындардың негізгі мақсаты – әлемдегі көшпенді халық өркениетінің тарихи мәдени мұрасын жаңарту және сақтау болып табылады.

Жарыстар Ыстықкөл жағасындағы Шолпан Ата қаласында өтті. Ойындарға Қазақстаннан спорттың 10-нан аса түрінен спортшылар қатысты. 

Стамбұлда төрт мемлекеттің – түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің қатысушылары (Қырғызстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Түркия) спорт ведомстволарының басшылары ойындардың регламенттерінің нақты нұсқасын бекітіп, бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында Қырғызстан, Әзірбайжан, Белоруссия, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан спорттық командалары қатысты.

Жалпы жарыстар бағдарламасына 26 ұлттық спорт түрі енгізілген.

«Астана жастары» ресурстық орталығы жұмысқа орналасуға көмектеседі

«Астана жастары» ресурстық орталығы жұмысқа орналасуға көмектеседіЕлордада жастар арасында жұмыссыздықты төмендету, жұмысқа орналастыру және  кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Биыл «Астана жастары» ресурстық орталығы 2500 адамды қамтыған 8 шара өткізді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Орталық қызметінің маңызды бағыттарының бірі жұмысқа орналасу кезінде ішкі тосқауылдарды еңсеру, коммуникация машықтарын алу және сұхбаттарда өзін-өзі таныстыру бойынша тренингтер өткізу болып табылады. Тренингтер 2015 жылдан бері ай сайын ұйымдастырылып келеді, жалпы, 450 адам оқытылды.

Үстіміздегі жылы профильді бос орындар жәрмеңкелерін өткізу туралы шешім қабылданды. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен техникалық профильдегі алғашқы жәрмеңкеде 18 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында гуманитарлық бағыттағы бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шара қорытындысы бойынша 15 елордалық жұмыспен қамтылды. Жақында сауда-экономикалық профильдегі бос орындар жәрмеңкесі өтті. Мұндай шараларды жыл соңына дейін өткізу жоспарланған.

Қзіргі кезде «Астана жастарында» тіркелген жұмыс іздеушілер саны 385 адамды құрайды, 71 адам жұмысқа орналастырылды.

Айта кетейік, орталықта құқықтық көмек те көрсетіледі. Жыл басынан бері 90 адамға консультация берілді, соның ішінде 50% студенттер, 15% оқушылар, сондай-ақ, 35% жеке тұлғалар. Негізінен, адамдар еңбек қатынастары, отбасылық және азаматтық құқық, сондай-ақ тұрғын үй алу бағдарламаларына қатысты мәселелер бойынша жүгінеді.

Астанада Алматы облысының күндері өтеді

Астанада Алматы облысының күндері өтеді9-11 қыркүйекте «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында Астанаға Алматы облысының делегациясы келеді. Бұл күндері облыстық тауар өндірушілердің ауыл шаруашылық жәрмеңкесі, кітап пен сәндік-қолданбалы өнер көрмелері, өңір әртістерінің қатысуымен мерекелік концерттер өтеді, спектакльдер қойылады, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жәрмеңкеде елорда тұрғындарына жалпы көлемі 340 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерінің 38-ден астам түрі ұсынылады. Оның ішінде, ет және ет өнімдері, балық, көкөніс, жеміс-жидек, сүт өнімдері, жұмыртқа, бакалея өнімдері және т.б.

Жәрмеңке 10-11 қыркүйекте Оқушылар сарайының жанындағы алаңда өтеді. Тауарлар қаладағы бөлшек сауда бағаларынан 15-20 пайызға төмен сатылады.

Бұдан басқа, Алматы облысының өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына мәдени бағдарламаларын ұсынады.

9 қыркүйекте ҚР Ұлттық музейінде сағат 10-нан 18-ге дейін Алматы облысының ақындары мен жазушыларының «Жерұйық мекен – Жетісу» атты кітап көрмесі, сондай-ақ, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен музей экспонаттарының, «Алтын адам мекені» көркемсурет галереясы суретшілерінің көрмесі өтеді. Осы күні қала тұрғындары мен қонақтары сағат 18:30 «Жастар» театрында «Керей – Жәнібек» спектаклін тамашалайды.

10 қыркүйекте сағат 17-ден 18-ге дейін Конгресс-холл фойесінде «Талдықорған – кеше, бүгін, ертең» көрмесі көпшілік назарына ұсынылады. Мұнда Талдықорғанның дамуының фототарихымен, қаланың көрікті жерлерімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының көрмесімен, сондай-ақ Алматы облысында шығарылатын өнімдермен танысуға болады. Сағат 18:30 Конгресс-холл сахнасында Алматы облысы шығармашылық ұжымдарының «Жетісу — жұмақ мекенім» атты гала-концерті өтеді.

ҚР БҒМ бірқатар ЖОО ректоры лауазымына конкурс жариялады

ҚР БҒМ бірқатар ЖОО ректоры лауазымына конкурс жарияладыҚР Білім және ғылым министрлігі 2016 жылдың 1 қыркүйегінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің, Павлодар және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттарының ректорлары лауазымдарына конкурс жариялады, деп хабарлады www.24.kz.

ЖОО-ларда корпоративтік басқарудың толыққанды қағидаттарын ендіру және бұл мәселені талқылауға жұртшылықты кеңінен тарту жұмысы аясында білім ордаларының ректорларын сайлау жөніндегі ашық конкурс алғашқы рет өткізілмек.

ЖОО ректорлығына үміткерлерді іріктеу және тағайындау тәртібі «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» ережелердің 4-1 тарауына сәйкес жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде, сондай-ақ www.edu.gov.kz ҚР БҒМ сайтында әрбір ЖОО бойынша бөлек-бөлек жарияланған күннен бастап 21 (жиырма бір) күнтізбелік күн бойы қабылданады.

Конкурсқа қатысушы үміткерлерге қойылатын талаптар: жоғары білім, басқару лауазымдарындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Конкурсқа қатысушы тиісті құжаттармен бірге оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби біліктілігінің деңгейін растайтын құжаттар (біліктілігін арттырудан өткендігі, ғылыми дәреже мен атақ алу жөніндегі құжаттардың көшірмелері,  сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан мінездеме хат ж.с.с.) ұсынуы тиіс.

Үміткерлер белгіленген құжаттардан бөлек ЖОО-ның дамыту бағдарламасын ұсынулары шарт. Оларды ЖОО-ның Бақылау кеңесі 25 күнге дейінгі мерзім ішінде қарастырады. Осы уақытта жұртшылықпен талқылау мақсатында ЖОО-ның дамыту бағдарламалары жергілікті аймақтық БАҚ-да және білім ордаларының ақпараттық стендтерінде жарияланады.

Бәйдібекте ауылдарды көркейту жұмыстары жанданып келеді

Бәйдібекте ауылдарды көркейту жұмыстары жанданып келедіБәйдібек ауданының орталығы — Шаян елді мекенінде жыл басынан бері тындырымды тірліктер атқарылып, ауылдың ажары арта түсті, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Шаяндағы ұзындығы 6,2 шақырым болатын 15 көше асфальтталып, пайдалануға берілді. Автокөліктерге арналған 6 көше кеңейтіліп, 7 жолға (ұзындығы 3,5 шақырым) жаңадан аяқжол (тротуар) төселді.

Аудан орталығының сәулеттік келбетін жақсарту жұмыстары мұнымен тоқтаған жоқ. Абаттандыру жұмыстарын жүйелі қолға алудың нәтижесінде, көше бойындағы жиектер (бордюрлар) жаңартылып, су ағатын арықтар орнатылды.

Бәйдібектегі орталық көшелер де жаңарған. Онда бүгінге дейін 10 орталық көшенің қақпасы (арка) жаңадан орнатылып, 10 гүлзар бой көтерді. Мұнан бөлек, мекемелердің алдында автокөліктерге арналған 10 автотұрақ салынды.

Сондай-ақ, аталған елді мекен көшелерін көркейтіп, көгалдандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілді. Мәселен, жыл басынан бері аудан орталығының орталық көшелеріне 2500 түп ағаш отырғызылып, 7 мың дана раушан гүлі мен 13 мың түп гүлді өсімдіктердің түйнектері егілді.

Елордалық жүзгіш Әнуар Ахметов Риодағы Паралимпиадалық ойындарға қатысады

7-18 қыркүйекте Рио-де-Жанейрода XV жазғы Паралимпиадалық ойындар өтеді. Шараның ашылу салтанаты 8 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 03:00 басталады. Бразилияда 11 паралимпиадашы 5 спорт түрінен ел намысын қорғайтын болады. Дүбірлі додаға қатысатын елордалық Әнуар Ахметов салтанатты шара барысында ту көтеріп шығады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әнуар спортпен жеті жасынан шұғылданады, ал 2008 жылдан бері жүзумен айналысады. Ол көру қабілеті бұзылған спортшы. Спортшы 23 жасында Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанып, Азия рекордтарын орнатқан, ҚР бірнеше дүркін абсолютті чемпионы, Азия параойындарының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы мен жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері, соқырлар арасындағы дүнижүзілік ойындардың күміс жүлдегері, Лондондағы Паралимпиада ойындарына қатысқан.

d4325d5f56dc8556b584ed34c8f.jpeg

Спортшы Риода 100 м баттерфляй, 100 м брасс, 100 м арқамен жүзу, 100 м және 50 м еркін стильде жүзу жарыстарында бағын сынайды.

— Күресуге дайынмын, бәсекелестіктің болғаны жақсы. Бала кезімнен жүзумен айналысып келемін, бұл спортты қатты ұнатамын. Бұл мен қатысып отырған екінші Паралимпиадалық ойындар, шараның ашылу салтанатында тағы да ту көтеріп шығуды сеніп тапсырғаны үшін еліме ризамын, — дейді Әнуар Ахметов.

Ұлттық құрама спортшылары Рио-де-Жанейроға аттанбас бұрын Бостери қ. (Қырғызстан),  Колорадо штатында (АҚШ), Аракажу қ. (Бразилия) оқу-жаттығу жиындарына қатысты. Айта кетейік, елордалық Әнуар Ахметовтан басқа жүзуден оңтүстікқазақстандық Роман Агалаков, Жамбыл облысының өкілі Зүльфия Габидуллина, Қарағанды облысының тумасы Наталья Звягинцева сайысқа түседі.

Бұдан басқа, Паралимпиадалық ойындарға күштік спорт түрі — пауэрлифтингтен Ақмола облысынан Вадим Дукарт, Алматыдан Гүлбану Әбдіхалықова, Алматы облысынан Раушан Қойшыбаева қатысады. Дзюдода Атырау облысының спортшысы Әнуар Сариев және Оңтүстік Қазақстаннан Орынбасар Құралбай шеберлік байқасады. Риода Алматылық жеңіл атлет Аманат Калкаев, ал садақ атудан Павлодар облысының спортшысы Александр Медведев бас жүлде үшін таласады.

Астанада ұлттық спорт түрлерінен І «Астана жұлдызы» республикалық турнирі өтеді

Астанада ұлттық спорт түрлерінен І «Астана жұлдызы» республикалық турнирі өтедіҚыркүйек айының 8-10 күндері Астанада «Қазанат» атшабарында (Қабанбай даңғылы-1) ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған бірінші «Астана жұлдызы» республикалық турнирі өтеді. Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық 14 облыстың командалары қатысады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Турнирді ұйымдастырушылар — Астана қаласының әкімдігі мен  Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы.

Қалың жұртшылық үш күн бойы қазақтың ұлттық ойындарының сан түрін тамашалай алады. Атап айтқанда, орта қашықтықтағы жүйріктердің бәйгесі өтеді. Еліміздің таңдаулы 16 командасы үш тәулік  көкпар мен аударыспақ додасының көрігін қыздырмақ.

Теңге ілудің ең үздік шеберлері мен қыз қуудың теңдессіз жұптарының өнері назарға ұсынылады. Шу асауды жүгенсіз мінетін жүректі жігіттер асау үйрету сайысына түседі.

Құралайды көзге атқан садақшылар құйғыта шапқан ат үстінен жамбы атып, мергендік сынасады. Үш күн бойы тоғызқұмалақ пен асық атудың бәсекесі қызады. Қыран баптап түлкі, қасқыр аулаған, қаршыға мен сұңқар баптап сан түрлі құс ілдірген құсбегілер көрсетілімі болады.

Ор қоянды қыр асырмай ұстайтын жүйрік тазылар фестивалі «Астана жұлдызы»  турниріндегі жұрт айта жүрер қызықтың қатарын арттырады.

Осындай ұлттық ойындардан басқа да қалың қауым сүйсіне тамашалайтын тартымды қызықтар аз болмайды. Атшабар алаңын жағалай ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, қазақтың байырғы тұрмыс-салты насихатталады. Желіде құлын жусатқан жылқылы ауылдың «Қымызмұрындығы», көгенге қой-ешкісін байлаған қойлы ауылдың, сиырлы, түйелі ауылдардың шынайы қарбалас тіршілігі қала жұртшылығына таңдай қақтырар көріністер болмақ. Шаңырақты шеңберлеп, морға салып уық иген, темір мен ағаштан түйін түйген қазақы ұсталар шеберлігі назарға ұсынылады.

Үш күндік турнир барысында әйгілі өнер иелерінің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламалар, қол өнер көрмелері және  тойшы қауымға арнап ұлттық тағам  түрлерінен фестивальдер ұйымдастырылады.

Енді бiр дипломмен — қос мамандық алуға мүмкіндік бар

Енді бiр дипломмен — қос мамандық алуға мүмкіндік барҚазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрi Е.Сағадиевтiң №523 бұйрығымен Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институтында 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап жаңа алты мамандық ашылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңадан ашылған мамандықтар«Химия-биология», «Математика-физика», «Математика-информатика», «Физика-информатика», «География-тарих», «Тарих-дiнтану» деп аталады.

Осы мамандықтарды таңдаған талапкерлер қос пәннiң мұғалiмi ретiнде бiлiм бакалавры бiлiктiлiгiне ие болады. Шағын жинақталған мектептер үшiн даярланатын бұл мамандар келешекте Қазақстанның бiлiм беру жүйесiн одан әрі дамытып, өркендетуге үлес қосады. Шалғай ауылдар мен шағын станциялардағы жинақталған мектептер үшiн бұл қуанышты жаңалық болары сөзсіз.

30 қыркүйекте «Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдаудың ІІІ кезеңі аяқталады

30 қыркүйекте «Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдаудың ІІІ кезеңі аяқталады2016 жылғы 30 қыркүйекте ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың үшінші қорытынды кезеңі аяқталады деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі.

«Болашақ» бағдарламасының ресми әкімшісі – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2016 жылғы30 қыркүйекке дейін стипендияға үміткер Қазақстан азаматтарынан құжаттарды қабылдауда.

Үміткерлер құжаттарды «электрондық үкімет» порталы, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясыарқылы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға қолма-қол тапсыра алады. «Болашақ» стипендиясы «Магистратура», «Докторантура», «Резидентура» және «Тағылымдамалар» бағдарламалары бойынша тағайындалады.

2016 жылы «Болашақ» стипендиясына құжаттарды қабылдаудың екі кезеңі және олардың нәтижелері бойынша екі конкурстық іріктеу өткізілді. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия қорытындыларына сәйкес 313 стипендия тағайындалды. Олардың 199-ы магистратура, 18-і докторантура, 96-сы тағылымдама бағдарламалары бойынша.

Қазіргі таңда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құжаттарды қабылдаудың үшінші кезеңі шеңберінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді тарту мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

2016 жылғы қыркүйекте қоғам президенті Ғани Нығыметовтың әртүрлі аймақтардың өкілдері мен атаулы топтарымен шығу кездесулері басталды. Кездесулер мен сөз сөйлеулер барысында «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсудің негізгі талаптары, стипендиаттардың конкурстан өту рәсімі және оқу процесініңерекшеліктері толық түсіндіріледі.

Өзінің сөзінде Ғани Нығыметов: «2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсу мүмкіндіктері кеңейтілді. Біріншіден, биыл 700 стипендия бөлінді, ол 2015 жылмен салыстырғанда 100 стипендияға артық. Екіншіден, конкурсқа құжаттарды қабылдау жеңілдетілді. Үшіншіден, инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша оқу үшін жаңа санат енгізіліп, конкурстық рәсімдер жетілдірілді. Сонымен қатар, барлық азаматтарға «Болашақ» стипендиясы туралы ақпараттар қол жетімді болуы үшін белсенді ақпараттық кампания жүргізілуде» деп атап өтті.

Құрбан айтта мал соятын орындар белгіленді

Елордада санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау үшін құрбандыққа шалынатын малды соятын арнайы орындар белгіленді: «Нұрбереке 555» ЖШС (Алаш тасжолы), «Айсу» ЖШС (Алаш тасжолы, 10 км), «Темеш» ШҚ («Астана – Алаш тасжолы», 7 км), «Агро Өнім Астана компаниясы» ЖШС, «Жайлау» (Алаш тасжолы, 33), «Мақсат 2007» тасжолы (Железнодорожный кенті Ажар к-сі, 20), «Шаушен» ЖШС (Алаш тасжолы, 10 км).

Құрбан айтта мал соятын орындар белгіленді

Қазіргі кезде өңірлерде адамдар мен жануарларға жұғатын аса қауіпті аурулар тіркеліп отырғандығын ескере келе, елорда тұрғындары мен қонақтарынан мал сатып алу кезінде мұқият болуларын сұраймыз, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Малдарды тек аталған мекен жайлар бойынша ғана сатып алыңыздар. Сатып алу кезінде сатушыдан малға жасалған вакциналар туралы тиісті белгілер қойылған ветеринариялық анықтаманы көрсетуін сұраңыз.

Екпе жасалған күнге баса назар аударыңыз. Екпе жасалғаннан кейін мал кем дегенде 15 күнкарантинде болады. Осылайша, соңғы екпе 15 күн бұрын жасалуы тиіс.

Заңнама нормаларына сәйкес, ішкі сауда объектілеріне, соның ішінде базарларға сату үшін түскен жануарлардан алынатын өнімдер оны тамаққа пайдаланудың қауіпсіз екендігін көрсететін ілеспе ветеринариялық құжаттар болмаса, тәркіленіп, жойылады.

Айта кетейік, биыл Құрбан айт қыркүйектің 12-нен басталады. ҚР Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес, Құрбан айттың алғашқы күні демалыс күні болады.

Құрбан айт Ораза аяқталған соң 70 күннен кейін аталып өтілетін мұсылмандардың ең ұлық мерекелерінің бірі. Бұл күні құрбандыққа мал шалынып, оның еті үшке бөлінеді: бір бөлігі кедейлерге таратылады, екіншісі отбасыда қалады, ал үшінші бөлігі қонақтарға ұсынылады.