Домой Блог Страница 114

ОҚО әкімі Олимпиада жеңімпаздарына пәтер сыйлап, автокөлік мінгізді

ОҚО әкімі Олимпиада жеңімпаздарына пәтер сыйлап, автокөлік мінгіздіКеше өңір басшысы Б.Атамқұлов Рио Олимпиадасының жеңімпаздары – күміс және қола медаль иегерлері Жазира Жаппарқұл мен Отгонцэцэг Галбадрахты қабылдап, спортшыларды марапаттады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.  Облыс әкімі халықаралық бәсекеде еліміздің намысын қорғап, көк туымызды желбіреткен спортшы қыздарға «Нұрсат» шағын ауданынан екі және бір бөлмелі пәтерлердің кілтін табыстап, кәсіпкерлердің атынан «Toyota Land Cruiser 200» және «Toyota Land Cruiser Prado» джип автокөліктерін мінгізді.

«Сіздер Рио олимпиадасында өнер көрсетіп жүргенде барша жерлестеріміз Өздеріңіз үшін жанкүйерлік танытып, күні-түні тілеулес болды. Сондықтан бұл сый-сияпатты бүкіл Оңтүстік жұртшылығының атынан берілген алғыс деп біліңіздер», — деді Б. Атамқұлов.

Өз кезегінде, спортшы қыздар – Жазира мен Отгонцэцэг саланы дамытудағы қолдаулары үшін  облыс әкіміне алғысын білдіріп, 2020 жылы Токиода өтетін халықаралық олимпиадада ел үмітін ақтап, барын салатындықтарын жеткізді.

Түлкібаста бірқатар әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді

Түлкібаста бірқатар әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілдіМемлекетіміздің Темірқазығы, азаматтығымыздың айшықты айғағы Конституциямыздың 21 жылдығына орай Түлкібас ауданында жаңа әлеуметтік нысандар ашылып, ел игілігіне берілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Мәселен, Күмісбастау мен Шарафкент ауылдарында 150 орындық жаңа білім  ордасы салынып, жаңа оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашты.

Күмісбастау ауылындағы 1928 жылы  негізі қаланған мектепті  апатты деп танып, облыстық бюджеттен 272 млн 693 мың теңгеге жаңа мектептің құрылысы жүргізілді.

Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков барша тұрғындарды мерекемен құттықтап, ауыл халқының қуанышымен бөлісті.

Мерекелі күні Кемербастау ауылының тұрғындары қос қуанышқа кенелді. Мұндағы 1 мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен қамтылды.  Ауыз су құрылысына облыстық бюджеттен 48 млн. теңге қаржы қаралған. Су құбырларын тарту жұмыстарын жүргізген «OSER –A- Group» мердігер мекеме құрылысты уақтылы аяқтап ел игілігіне тапсырып отыр.

Ақшиде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Ақшиде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылдыЖақында Алматы облысы Алакөл ауданына қарасты Ақши елді-мекенінде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылған болатын. Алайда, демалыс маусымында өңірге келуші туристер қатарының еселеп артуына байланысты ауылдық амбулаториялық пункттің ғимараты қаралушыларға тарлық етіп жататын. Сондай-ақ «Жедел жәрдем» қызметі қажет болған жағдайда 30 шақырымда орналасқан көрші Көктұма ауылына жүгінуге мәжбүр болатын.

Осы жайттарды ескере келе облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен жергілікті бюджет есебінен осы ауылда жаңа заманауи амбулатория салу туралы шешім қабылданған еді. Міне енді бүгінгі ғимарат іші кең етіп салынған амбулаторияның ашылуына байланысты жергілікті тұрғындар мен осында саяхаттап келген демалушылар арасында ем-дом қабылдау қажеттігімен амбулаторияға жүгінген азаматтар ұзын сонар кезекте тұрмайтын болды.

Нысанның салтанатты ашылуында Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар Ырғайты ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Алакөл ауданының Құрметті азаматы Әнуарбек Әзімханов та көпшілікке өзінің жүрек жарды ізгі тілектерін білдіріп, ақ батасын берді.

Осыдан кейін облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Марат Нүсіпбаев дәрігерлік амбулатория меңгерушісі Айгүл Тұрсағатоваға ғимараттың кілтін табыстап, нысанды ресми түрде пайдалануға берді.

Ескерте кететін болсақ, жаңа ауылдық дәрігерлік амбулатория бұл – соңғы үлгідегі заманауи медициналық қондырғылар мен құрылғылар орнатылған көпсалалы кабинеттер. Мұнда науқастар мен медициналық көмекке жүгінген азаматтарға сапалы амбулаториялық көмек көрсету үшін барлық қажеттіліктер қарастырылған.

Ауылдық амбулатория құрылысына  жергілікті бюджеттен 163,9 млн. теңге бөлінді. Жұмыстарды «ЭЛМ» ЖШС жүргізді.

ОҚО әкімі израилдік инвесторлармен кездесті

ОҚО әкімі израилдік инвесторлармен кездестіБүгін ОҚО әкімі Б.Атамқұлов облысқа іскерлік сапармен келген израильдік «YR-Mitrelli Group» компаниясының өкілдерімен кездесті. Басқосуда облыстағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, тараптардың өзара жиынында, АӨК және энергетика салаларына инновациялық технологияларды енгізу, «Сасықкөл» қоймасын тазалау және хауызын жаңарту мәселелері қаралды.

Айта кетейік, 20 жылдан астам уақыттан бері «YR-Mitrelli Group» компаниясы денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету, энергетика, білім беру, тұрғын-үй құрылысы, ауыл шаруашылығы, ІТ және телеком жобаларын тұрақты қамтамасыз ету жүйесі саласында әлемнің түрлі мемлекеттерінде жұмыс жасап келеді.

Қазығұртта апатты және ыңғайластырылған мектептердің орнын 6 жаңа білім ошағы алмастырды

Қазығұртта апатты және ыңғайластырылған мектептердің орнын 6 жаңа білім ошағы алмастырдыҚазығұрт ауданында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерекесіне және білім күніне орай ауданымыз алты мектепті сыйға тартып отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, ауданның Қақпақ ауылынан 300 орындық бір мектеп, Көкібел, Қызылдихан, Жұмысшы және Еңбекші ауылдарынан 200 орындық бес мектеп пен Тесіктөбе елді мекенінен 150 балаға шақталған бір білім ошағы оқушылар үшін есігін айқара ашты. Төрт апатты, екі ыңғайластырылған білім ордаларының жойылуын мақсат еткен бұл құрылыстарға Ұлттық қор мен облыстық бюджеттен 2,5 млрд. теңге қаржы жұмсалды.

Соның бірі – Қақпақ ауылдық округінен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған 300 орындық Қақпақ жалпы орта мектебі. Бұл мектепке Ұлттық қордан 540 млн. теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме 7 айдың ішінде құрылысты сапалы аяқтап шықты.

Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев барша тұрғындарды мерекемен құттықтап, ауыл халқының қуанышымен бөлісті. Салтанатты жиын кезінде С.Тұяқбаев ауданда ашылып жатқан білім ошақтарының ұжымына облыс әкімінің сыйын тарту етті.

Жаңа мектептер  заман талабына  сай  мультимедиалық, лингофонды  кабинеттермен жабдықталған. Сондай-ақ, физика, химия, биология кабинеттері арнайы талапқа сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілсе, қосымша спорт зал мен асхана жайлары да бар.

Айта кеткен жөн, биылғы жаңа оқу жылында аудан бойынша 27 мыңнан астам оқушы білім алатын болса, соның биыл 2970-і 1-сыныпқа барды.

Мақтарал ауданында жаңа 6 мектеп пайдалануға берілді

Мақтарал ауданында жаңа 6 мектеп пайдалануға берілді1-қыркүйек – Білім күніне орай, Мақтарал ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған 6 мектеп ғимаратының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай пайдалануға берілген білім ұяларының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев қатысып, барша ұстаздар мен оқушыларды жаңа білім күнімен құттықтады. Білім күні 300 орындық төрт және 200 орындық екі мектептің есігі мақтаралдық оқушыларға айқара ашылды.

Жаңадан ашылған барша мектеп ғимараттары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мәселен мұнда лингафондық кабинеттер, интерактивті тақталар, мультимедиялық құралдар, жаңа үлгідегі химия және биология кабинеттері оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндіктер туығызары хақ. Сондай-ақ, спорт залдары мен шеберханалар, мәдениет залдары оқушылардың өздері қалаған кез келген спорт пен өнердің түріне баулиды.

Сарыағашта «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 3 жаңа мектеп ашылды

Сарыағашта «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 3 жаңа мектеп ашылдыБүгін Сарыағаш ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 қыркүйек білім күні мерекесіне орай, 300 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Білім нысандарының салтанатты ашылу рәсіміне облыс əкімінің бірінші орынбасары  Д. Сатыбалды қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған білім ұяларының бірі Дастан ауылынан ашылған №136 орта мектеп болса, екіншісі Атамекен елді мекенінен бой көтерген №64 мектебі. «Ұлттық қор» есебінен қаржы бөлініп жаңа оқу жылына тапсырылған білім мекемелері заманауи құрал-жабдықтармен толықтай қамтылған. Балалар санының өсіп, сынып тапшылығын жою мақсатында салынған мектептер өз мерзімінде ел игілігіне беріліп отыр.  Ал, Қабланбек ауылдық округі, Жонарық елді мекенінен ашылған жаңа мектеп облыстық бюджеттің қаржысы есебінен салынған. Бұған дейін ауыл балалары көрші ауылға қатынап, білім алып келген.

Жалпы Сарыағаш ауданында 144 оқу ордасы болса, онда биыл 80 мың 600 бала білім алады.

ОҚО-да 73 мыңнан астам оқушы 1-сыныпқа барды

ОҚО-да 73 мыңнан астам оқушы 1-сыныпқа бардыОңтүстік Қазақстан облысында 2016-2017 жаңа оқу жылында 73 699 оқушы 1-сынып табалдырығын аттады. Демографиялық өсімі жоғары аймақта сауатын ашып, мектепке барған шәкірттер өткен жылмен салыстырғанда 4 мыңға жуық балаға артық, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы, биылғы жаңа оқу жылында облыстағы «Алғашқы қоңырау соғылған» 1022 жалпы орта мектепте 611 мыңнан аса оқушы білім алатын болады. Бұл былтырғыға қарағанда 27 мың балаға артық.

Мектептерде жалпы саны — 66 412 педагог кадрлар қызмет атқарады, оның ішінде 52 мыңы (78%-ы) – санаты бар ұстаздар, қалған 22%-ы жас педагогтар. Сонымен қатар, жаңа оқу жылының бірінші күні әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан «Менің Отаным — Қазақстан»  кітабы салтанатты түрде сыйға тапсырылып, «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде бірыңғай «Мен өз Отанымның патриотымын» білім беру сабағы өткізілді.

Жаңа оқу жылындағы жаңалықтарға тоқталсақ. Биыл еліміздің 1 сынып оқушылары бес күндік оқу аптасына көшуде. Ал аптаның сенбі күні есебінен 1-сынып оқушылары мен мұғалімдеріне 34 демалыс күні беріледі.

Сондай-ақ, осы жылы білім ошақтарында бірыңғай оқулықты енгізу жұмыстары жүре бастайды. Бұл базалық оқулықтар жаңартылған білім беру мазмұнына көшу кестесіне сәйкес енгізіліп, республиканың барлық оқушыларының білім деңгейін теңестіруге жағдай туғызады.

Одан бөлек, биылдан бастап орта білімнің жаңартылған мазмұнына көшу жұмыстарына байланысты жаз мезгілінде облыстағы бастауыш сыныптың жалпы пәндер бойынша 10 мыңға жуық мұғалімі «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының «Педагогикалық шеберлік орталығы» мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында даярлық курсынан өтті. Жыл соңына дейін, яғни, 2016 жылдың қазан-желтоқсаны аралығында критериалды бағалау жүйесі бағытында облыс бойынша 1030 мектеп директорының орынбасарларын  мектептік үйлестірушілер ретінде және 30 білім бөлімдерінің әдіскерлерін аймақтық үйлестірушілер ретінде біліктілігін арттыру курстарынан өткізу жоспарланып отыр.

Елордада өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Елордада өрт қауіпсіздігі айлығы басталдыБүгін елордада өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аулаларды аралап, тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерімен ақпараттандырады.

Бұдан бөлек, жылыту пештерін қолдану ережелері арнайы көліктерде орнатылған дыбыс ұлғайтқыштары арқылы насихатталады.

Тиісті ақпараттық жұмыстар жыл сайын қыркүйек айында өткізіледі. Тұрғын үйлерде орын алатын барлық өрттердің басым бөлігі жылыту маусымымен тұспа-тұс келеді. Бұл азаматтардың аталмыш мәселеге бей-жай, салғырт қарауынан орын алады.

Астана қаласының ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін білу өзіңізді және жақындарыңызды тілсіз жаудың құрсауынан сақтауға мүмкіндік беретінін еске салады.

Елордада үздік өңірлік өндірушілер анықталды

Елордада үздік өңірлік өндірушілер анықталдыБүгін Астанада жыл сайынғы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсы өтті. Шараның ашылуына Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова және өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы Ғани Тасмағанбетов қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Көрме отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметті жандандыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесуге бағытталған.

Көрме-конкурсқа түрлі саладағы елордалық өндіруші кәсіпкерлер қатысты. Конкурс үш номинация бойынша өтті: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»; «Халық тұтынатын үздік тауарлар»; «Үздік азық-түлік тауарлары».

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» санатында шыныдан бұйымдар жасайтын «Елордалық шыны компаниясы» ЖШС үздік атанды. Сүт өнімдерін шығаратын «Банур-НС» ЖШС «Үздік азық-түлік тауарлары» санатында көш бастады. «Халық тұтынатын үздік тауарлар» санатында жарық диодты өнімдер жасайтын «Led solution» ЖШС топ жарды.

Өңірлік конкурс жеңімпаздары жыл соңында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауына жолдама алды.

Айта кетейік, шағын және орта бизнес елорданы дамытуда алдыңғы қатарда, бұған негізгі көрсеткіштер дәлел болады. 2015 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнім көлемі 3 215,8  млрд теңгені құрады. ШОБ саласында 288 мың адам жұмыс істейді. ЖӨӨ құрылымындағы ШОБ үлесі 60% жуық және республика бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр.